«Біржан – Сара» айтысының тілдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


Топтық жұмыс.

1-2 топ: Әдебиетшілер:Фишбоун (балық қаңқасы) белсенді әдіс –тәсілі:

Берілген үзінді бойынша талдау жұмысы. Қаңқаның басына кімнің сөзі екендігін, құйрығынаөз көзқарасын, үстіңгі бөлігіне троптың түрлерін, астыңғы бөлігіне шығармадан дәлел келтіріп жазады.

1-топ:...Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым,

Тиыным шыққан емес сендей тұлға,

Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын,

Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға.

Ақ марал осы жолы жығылмай кет,

Алтайдың душар болдың мергеніне.

Аю болсаң да басамын ап дегенде,

Қоймаймын жаман құстай көргеніңе.

 

ІІ топ: ..Адамға жол бермеген қайран тілім,

Күні өшіп, қор боп өтті-ау, қызыл гүлім.

Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем,

Есекке қосақтаулы өтті-ау күнім.

Алтайдың саңлағымен сөйлессем де,

Жоқ екен жүйрік аттай өлсем құным,

Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім.

3-4 топ: Зерттеушілер: «Біржан мен Сара» айтысы туралы, стильдік еркешелігі жайлы ғалымдардың пікірі, ойлары, зерттеу еңбектерімен байланыстыра отырып өз жұмыстарын ұсыну.

Дескриптор:

Өз рөлдеріне сай тапсырманы орындайды.

Бағалау: Топтық жұмысты оқушылар бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды, ал дебат-пікірталасты оқушылар дауыс беру арқылы бағалайды.

Кері байланыс: Бүгінгі сабақ мен үшін неге маңызды болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу