Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 14-сабақ.


«1 минутта» әдісі

Ж. Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесінің мазмұны бойынша әрбір оқушы бір минут ішінде автордың ойлары мен сезімдері туралы айтады. Егер біреу күмәнданса немесе бір нәрсені қайталай берсе, жұптар ауысады.

Сабақтың тақырыбы

Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі

Сабақтың мақсаты

А/И2. Автор бейнесі

Эпикалық,поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Үш түрлі күнделік

1-қадам. «Дабыл»әңгімесін жұппен талқылайды.

2-қадам. Жеке күнделік толтырады.

Дөңгелек үстел

1-қадам. Кіші топтарға бөлу;

2-қадам. Шығармада автор көтерген мәселе. шығармадағы автор және кейіпкерлер бейнесін анықтау;

3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша:

Әр сөйлеуші автор мен берілген кейіпкер қарым-қатынасындағы тілдік ерекшелік бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді.

мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек;

4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес автор көтерген мәселе жайлы пікірталас;

5-қадам.Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу;

6-қадам.«Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде презентация жасау.

Төрт сөйлем

Жүніс Сақұрпағының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-болашақтық романында табиғаттың, жер мен судың, ауаның жүйесін бұзып, нысапсыздық, құныққандық бәсекесіне түсушіліктің қандайлық апатқа ұшырату мүмкіндігі ескертілген...

Рахманқұл Бердібаев

Ж.Сахиевтің шығармасы бойынша Р.Бердібаевтың пікірін талдап, көтерілген мәселені анықтап, өзіндік көзқарасыңызды «Төрт сөйлем» әдісі бойынша жазыңыз.

1. Пікір. Зерттеуші пікірі бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4. Қорытынды. Пікір бойынша қорытынды шығарыңыз.

 

Өздік бағалау

Рефлексия.

Үй тапсырмасы

Ж.Сахиевтің «Дабыл» әңгімесін оқу;

Шығармадағы автор көзқарасына назар аударыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу