Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 15-сабақ.
Кейіпкерді таны
- «Дабыл» әңгімесін көз жүгіртіп оқып шығыңыз.
- Кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде талдап, жеке кесте толтырыңыз.
Кейіпкер | Іс- әрекеті мен мінезі | Автордың осы кейіпкерге көзқарасын әңгіме арқылы дәлелдеу |
Жасаған | ||
Төлен | ||
Таңатар | ||
Жантас | ||
Қазыкен | ||
Балбек | ||
Баламұрат | ||
Жанқуат |
Креативті жазу
Қиялгер жазушы ретінде «Дабыл» әңгімесінен берілген үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазыңыз.
1-үзінді
-Мынау Талас жазуы ғой! Қайсысыңызда тағы бет орамал бар? Сүртіңіздерші тезірек! – деді шыдамсызданып. Төлен тастағы ірі-ірі таңба-әріптермен қашалып жазылған жазуларды оқып шыққаннан кейін ол былай деп аударды:
Жұлдызаралық жолымыздағы тоғыз ғаламшардан құралған осы бір жұлдыз жүйесіндегі көгілдір кезбешар назарымызды айрықша аударды. Оның өзіміз аялдаған жалғыз табиғи серігінен мұқият бақылау жүргізгенімізде тіршілік иелері – адамдармен қатар олардың тасқа ойып жазған жазуларын да кездестірдік. Ол жазулар арқылы Талас делінетін өзен бойын мекен еткен халықтың таризын білдік.
2-үзінді
Бұл кезде Қазыкен көлігінің басқару пультіндегі ауыл орталығымен байланыстыратын бейнетелефонды қосып үлгерген еді... Жасаған бейнепульттегі кішкене қақпақты ашып, ішіне тастың суретін салды да, қайта жауып, түймелердің бірін басты. Бұл кезде ғалым да телефаксын қосып, бейне күтіп отырған еді.Бір кезде тілдей жалпақ саңылаудан су етіп сурет түсті.
3-үзінді
Ғарыштан келіп Жер атмосферасына іліккен созылыңқы тамшы пішінді үлкен тас таңсәрідегі шырт ұйқыда жатқан ауыл үстінен ысқыра ағып өтіп, тау аңғарына жанай ұшып, жолыңдағыны күйдіріп-сыдырып барып қара жерге жантая қадалды.
4-үзінді
Ата-бабаның еңбек етіп, тасқа қашап жазған таңбаларын қайта тірілтіп, күнделікті жазу кәсібімізге қолдану қай қазақтың да көкейіндегі нәрсе емес пе? ... тарихымызды білмесек, кім екенімізді қайдан ұғамыз? Менің көкейімді кегжейтін бір нәрсе, ана халықтың алфавитіне бір, мына халықтың алфавитіне бір жабысамыз. Айналайындар-ау, сонау заманнан бері тасқа қашалып өзімізге жеткен таңбамызды неге ескермейміз?, - деді Төлен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?