Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №7

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнеролик пен слайд

Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Дескрипторлар

Өлең мазмұнын жете меңгереді;

Көтерген тақырыбын, негізгі идеясын анықтап, өз пікірін білдіреді;

Ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, сыни пікір білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, жеті жұрттан қалған қоныс,

құтсыз қоныс; кір жуып, кіндік кескен жер; адыра қалғыр, Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы; тарихи шындық, тәуелсіздік үшін күрес т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, өлең идеясы мен пафосы; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай дәлелдей аламын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға слайдтан Құрманғазы, қазақтың сары даласы, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің суреттері көрсетіледі.

Оқушылар суреттер арасындағы байланысты табу керек. Қабілеті жоғары не музыкалық білімі бар оқушылар бұл суреттерде Құрманғазының «Сарыарқа» күйі көрініс тапқанын айтуы мүмкін.

Содан кейін оқушылар Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Топқа бөлу

Құрманғазы «Сарыарқа» күйі

https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU

http://bookshelf.kz/index.php/catalog/audiobook/5149-olengderi_men_zhyrlary

Сабақтың ортасы

6-10

11-20

 

 21-25

 

 

 

 25-37

 

 

 

 

Мағынаны тану

1- тапсырма Ж.,ЖЖ.

Оқушылар филология ғылымының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін…» атты ғылыми зерттеу еңбегінен «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихын оқып танысады.

«Сарыарқаның» жырлану тарихы

Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді, сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашағанмен айтыстыралық. Мұрат өз ауылында жүргенде елін, жерін, Берішін мақтап дес бермейді дейді. Енді несін мақтайды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстырсақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді.

Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат – әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.

Сөйтіп жүргенде Адай елінің үлкен жиыны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.

«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

Оқушылар жұбымен пікірлесіп, өлең мазмұнын болжайды.

2- тапсырма С.,ЖЖ. «Тоғыз бриллиант» әдісі

http://bookshelf.kz/index.php/catalog/audiobook/5149-olengderi_men_zhyrlary cайтындағы аудиокітаптан оқушылар Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің мазмұнын тыңдайды және негізгі түсініктер мен сөз, сөз тіркестерін анықтайды. Өлең табиғатын ашатын сөздер мен сөз тіркестерін қағазға жазады.

Сыныптастарымен өлеңнің идеясы мен пафосының ұлттық мүдде тұрғысынан ашылуы туралы бірнеше пікірлерді оқып, оларды маңыздылық деңгейіне сай орналастырады.

Мұғалім оқушыларды аралап жүріп, жауаптарын стикермен бағалап кетеді.

3- тапсырма ЖЖ.,ТЖ. «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Өлең мазмұнына байланысты жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды;

2-қадам. Оқушылар топта оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды.

4- тапсырма ЖЖ/Т. «Баяндама»

Мұғалім оқушыларға өлеңнің идеясы мен пафосының ұлттық мүдде тұрғысынан ашылуын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, өлеңнің идеясы мен пафосының ұлттық мүдде тұрғысынан ашылуын бойынша «баяндама» жасайды. Баяндама топта талданады. Әр топ өз спикерін баяндама қорғауға шығарады. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

Критерийлер

Рубрикалар

Төмен

Өлеңнің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Өлеңнің идеясы мен пафосының ұлттық мүдде тұрғысынан ашылуын сурет, сызба түрінде бейнелей алады.

«Баяндама» мазмұнын дәлелді түрде ашып, құнды пікір айтады.

Қалыптастырушы бағалау.

https://www.youtube.com/watch?v=8lEVCzKb6W0

Сабақтың соңы

38-40

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар өлеңге арқау болған атамекеннің қазақ үшін қаншалықты қымбат екенін күй тілінен түсініп, тақырыппен байланыстыра отырып, өздерінің күй өнеріне қызығушылығын арттырып, эстетикалық сезімдерін дамытады. Өлең табиғатын ашатын сөздер мен сөз тіркестерін анықтау барысында қабілеті жоғары оқушылар жұбына қолдау көрсетеді. «Баяндама» тапсырмасы кезінде сурет салуға қабілетті, креативті ойлауға қабілетті оқушылар көш бастайды.

Мұғалім оқушыларды аралап жүріп, жауаптарын стикермен бағалап кетеді.

Мұғалім ұсынған бағалау критерийіне сүйене отырып, топтажәне сыныпта әділ бағалау жүргізеді.

Сабақ жоспарын құру үшін өлеңде кездесетін жер-су аттарына байланысты география пәні мұғалімдерімен, адам аттарына байланысты тарих пәні мұғалімдерімен кеңесу қажет. Жұмыс барысында оқушылардың бір-біріне бөгет жасамаулары қпдағаланады.

Осы сабақ барысында

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу