Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 10-сабақ.
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
«САРЫАРҚА» ӨЛЕҢІБұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп, талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгіл, солардан да қалған қоныс.
Мұрат Мөңкеұлы
Оқу мақсаты:
8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты:
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
Бағалау критерийі:
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдейді, креативті әңгіме жазады.
“САРЫАРҚА- ҚАЙДА ЖҮРСЕМ САҒЫНЫШЫМ...”
1-ТАПСЫРМА Ж.
Әңгіме жанры туралы теориялық материалмен танысып, өз білетіндеріңізбен салыстырыңыз.
2-тапсырма. Ж.,ЖЖ.,ТЖ. Креативті жазу
М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңін оқи отырып, жанрын өзгертіп, «Сарыарқа – қайда жүрсем сағынышым» идеясы негізінде креативті әңгіме жазыңыз. Тақырыпты өз қалауыңызбен өзгертіп алуыңызға болады.
3-ТАПСЫРМА. ЖЖ.,ТЖ.
“АВТОРҒА СҰРАҚ ҚОЮ”
Тақта алдына шығып, сыртқы шеңбер (оқырман) және ішкі шеңберге (автор) бөлініңіздер.
Алдымен сыртқы шеңбердегілер жазған әңгімесі бойынша ішкі шеңбердегілерге сұрақтар қояды.
Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін шеңбердегілер рөлдерімен ауысады.
4-ТАПСЫРМА. Ж. “ЕРКІН МІНБЕР”
Қалауыңызбен «Еркін микрофон» алдында өзіңізге
ұнаған әңгіме, автордың шығармашылық
жетістігі туралы өз ойыңызбен бөлісіңіз.
“Ш Ы Ғ У П А Р А Ғ Ы ”
Мен бүгінгі сабақта
нені үйрендім?
Менің сұрағым...
Пікірім…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?