Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 8-сабақ.
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
«САРЫАРҚА» ӨЛЕҢІБұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп, талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгіл, солардан да қалған қоныс.
Мұрат Мөңкеұлы
Оқу мақсаты:
8.Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
Бағалау критерийі:
Көркем шығармадан алған үзінділерге сай ақпараттар жинайды;
өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
… Сыйласқан төре-хандай бір-бірімен,
Айырды ағайыннан күліп ойнап,
Халқымның салтанаты еске түссе,
Жүрегім өртенеді оттай жайнап.
1-ТАПСЫРМА Ж.,ТЖ.
Талқы себепшісі – «Сарыарқа» өлеңінің мазмұны бойынша 3 сұрақ (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы т.б. бойынша) құрастырады .
2. Белгілеуші – өлеңнің ең маңызды бөлімін анықтап, маңыздылығын дәлелдейді.
3. Байланыстырушы – өлеңде көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Суреттеуші – мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; оның орнына мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеген маңызды. Таяқшалар, мультфильм бейнелері, диаграмма немесе сызбанұсқа қолдануға болады.
5. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
«Әдеби шеңбер»
2-тапсырма. ТЖ. “Қазына іздеу”
Ноутбуктерді пайдаланып, өлең мазмұны бойынша берілген үзінділерден тарихи тұлғалар мен жер-су атауларына байланысты қазыналарды іздеңіздер, яғни атауларға қатысты тың деректер тауып, презентация дайындаңыздар.
3-тапсырма. Ж. “ДИАМАНТА”
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?