Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 11-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Дананың сөзі - ақылдың көзі | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | А/И3. Көркем шығарманың тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: ғұмыр, ғұмырнама, мемуар, өмірбаян Пән лексикасы және терминология: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | адамгершілік | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис туралы алған білімді кеңейту | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-8 | Қызығушылықты ояту. Байланыстарды табу Оқушылардан жанр түрлерімен қаламгарлердің арасындағы байланыстарды табу сұралады. Жанр мен мазмұн ерекшелігін түсініп, талдау жасайды. Өзін-өзі тануға, танытуға мүмкіндік беретін қазақ және әлем әдебиетінде ұласқан ғұмырбаяндық сипаттың ерекшелігіне тоқталады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру қажет болған жағдайда түсінік беріп, оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылауға шақырады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 9-15 16-26 27-31 32-35 | Мағынаны тану 1-тапсырма. Оқушыларға «Даналық кітабынан» үзінділер таратылады. 1-қадам. Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, хикметтердің ғұмырбаяндық сипатын анықтайды. 2-қадам. Мұғалім оқушылардан әрі қарай ойды өз болжамдары бойынша жалғастыруды сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:
3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады. Жұмыс осы сызба бойынша жалғасады. 4-қадам. Хикметтердің поэтикалық сұқбатқа (автордың өзіне, тыңдаушысына қарата жырлауы) жататынын түсіндіреді. 2-тапсырма. «Пирамидалық талқылау» арқылы топтар ғұмырнамалық сипаттағы мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б. Мұғалім оқушылардың талқылау жүргізуі үшін ұсынылған хикметтерден үзінділерді қысқартып бере алады. 3-тапсырма. «Керемет пікірталас» Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. «Даналық кітабының» ерекшелігіне қатысты берілген пікірге қарсы пікір білдіреді. Сол арқылы автордың стиліне шағын талдау жүргізеді. Өзара бағалау.
| презентация http://kozhalar.kz/20173582-3582 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 |
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?