Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Қазтуған жырау шығармашылығы. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі

Оқу мақсаттары:

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс.

Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Дескрипторы:

«Кім? Не? Қашан? Неге?»

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!

Тапсырма:

Өлең жолдарын оқып, сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Өлеңнің тәрбиелік мәніне қандай?

Тыңдалым.

Бекболат Тлеуханов «Қайран менің Еділім!»

https://www.youtube.com/watch?v=hgzO7rD9kdI

Б.Тілеухановтың орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділімтолғауын (57 секундынан бастап) тыңдайды.

Талқылату үшін «Төрт сөйлем» тәсілі қолданылады. Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, 4 сөйлеммен жеткізеді.

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Қазтуған Сүйінішұлы

Топқа бөліну

Б) «Хан, жырау, халық мүддесі, жер мәселесі, » тірек сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді және сабақ тақырыбын болжайды.

«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің бөлімдері 4 топқа бөлініп таратылады.

1,2-топқа

1-бөлім

Арайна,билер,арайна,

Арайна десем, болғай ма?!

Арайнасыз әр қайда

Ердің ісі оңғай ма?!

Арайна болған

Қазтуған,

Қайғыланып сонда толғай ма?!

2-бөлім

Ел қияға қонғай ма?

Еділ, Жайық арасы

Кеңшілік қоныс болғай ма?!

Ебей басты құба үлек

Ернімен шырпы шалғай ма?!

Бұл қоныста отырып,

Біздің мұсылман баласы

Жағасы босап тынғай ма?!

3-бөлім

Еділді қоныс етпеңіз,

Жағалай қалмақ алады.

Жайықты қоныс етпеңіз,

Сыдыра біткен көкжиек,

Кәпірлер қала салады.

Аштарханды қоныс етпеңіз,

Шәһәрін оның алады.

4-бөлім

Еділді алса - елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса - жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса - ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар.

Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар,

Қыс кіреге жақсы деп,

Шудасы қалың айырды алар.

Сусынына шай алар,

Шайнауына май алар.

5-бөлім

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кәпірдің

Күшті болған салдары-ай!

Кәпірден тендік алуға

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нәлет кәпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді

Ноғайлы, қазақ жұртымның

Кейінгі туған балдары-ай!

3,4-топқа

6-бөлім

Адыра қалғыр көк Жайық,

Аңырап қалған қонысым!

Қонысымнан ауған соң,

Кетпегей еді ырысым.

Таудағы тарлан бөрі едім,

Тарылған сынды тынысым.

Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп,

Көкірегі күйініп,

Тек тірлікке сүйініп,

Ықтиярсыз жүгіріп,

Аузы түкті кәпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі өскен жас бала

Аузы түкті кәпірдің

Соқпаса екен пайдасын!

7-бөлім

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,

Бөкеннің желіп өтер төрт саны,

Бұғының ауыр қара мүйізі,

Бидайықтың жалғыз соғары,

Қашағанның ұзын құрығы,

Ақ орданың тіреу сырығы,

Айдаса - қойдың көсемі,

Сөйлесе - тілдің шешені,

Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,

Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа - екі жылда бір мінген,

Жолдасын жолай іздеген,

Өзіне тиген дұшпанын

Қарт бурадай тіздеген -

Мен - Қарғабойлы Қазтуған,

Қайғыланып асып барамын

Ноғайлы-қазақ елімнен!

Жұптық тапсырма:

Оқушылар өлең үзіндісін дауыстап мәнерлеп оқу үшін, жұпқа бөлінеді.

Ж/Ж. Оқушылар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете отырып, (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.) Әр жұптан өз қалаулары бойынша кейбір оқушыларды мұғалім сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке жұмыс)

1. Берілген үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасау үшін кейіпкер образы (Қазтуғанның өзі) қалай берілгенін анықтауда төмендегі тапсырмаларды орындайды.

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесіне талдау жасаңыз

Кері байланыс кезеңі

Оқу мазмұнына байланысты «Түртіп алу» әдісі

Үй тапсырмасы:

Қазтуған жыраудың өлеңін «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалмен байланыстырып, үзіндіні жаттау.

[attachment=28088:aztuan-1-saba.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу