Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІV бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп , жатқа оқиды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады, талдайды.

Бағалау критерийлері

  • орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды;
  • көркем шығарманы жатқа айтады

Тілдік мақсаттар

«ПОПС» формуласы.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Е.Жүністің «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сәлемдесу»

Сабақ барысында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдеседі («Ассалаумағалейкүм!», «Сәлем!», «Сәлеметсің бе?!», «Қалайсың?!», «Есен-амансың ба?!» т.б.), хал-жағдай сұрасады. Сәлемдесуді әр тәсілдерде (орысша, ағылшынша, немісше, француз, үнді т.б.) жүргізуге болады.

Топқа бөлу

Өлең шумақтары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу

Ана тілің біліп қой,Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза Әли

 

Анам тілі

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,Сенімен бағаланған балаң түрі.Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,Сенімен әлдилеген анам мені.Бесікте белім буып бітіскемін,Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.

Оқушыларды оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

10 минут

І.Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=bRs4rWDWLtE

Оқушыларға «Ана тілі» тақырыбында бейнежазбаны көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату

ТЖ.

1-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Ана тілі

Адам деген не көрмейді түсінде Жатыр екем бүгін қабір ішінде Дағыстанның кең аңғары күн ыстық Көкірегімде орнаған бір тыныштық Асау өзен арқырайды жарды ұрып Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып Мен жатырмын үнсіз туған жерімде Жер болады балғын тәнім менің де Мен жатырмын қара жерге табына Жоламайды келмейді ешкім маңыма Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта кетті ғой деп қыршын ғана жасында Жыламайды ешким молам басында Жарым қайда досым қайда кешегі Анам қалай жатқанымды білмеді Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен Бір дауысты естіп қалдым кенеттен Естідім мен осы арадан үнін де Екі кісі сөйлесті авар тілінде Мен жатырмын қара жерде көз жұмып Мына екеуі күбірлейді сөз қылып Ғасан деген бір кісінің қулығын Али деген бір кісінің сұмдығын Естідім де сөзін ана тілімнің Бойым жылып лезде мен тірілдім Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін Өзге бір тіл емдер басқаларыңды Мен онымен айта алмаймын әнімді Егер тілім ертең болса құрымак Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ Мен жаныммен сүйем осы тілімді Кедей деп ақ айта берсін білімді Ассамблеяда естілмесін үні де Ана тілі ұлы менің өзіме. Махмұт жырын оқу үшін жастауын Күтем әлде аударуын басқаның Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде  Өлеңдерін жаза алар тілінде Мен сүйемін планетаның барлығын Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де Әлім шолы айттым алар тілінде Қымбат маған елімнің бар даласы Балтық пенен Сахалиннің арасы Қайда болсын қия маған жанымды Туған жерден қазсын бірақ қабірді Алаша бір жазып қойған құлпы тас Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!

Расул Ғамзатов

Дескриптор Білім алушы

  • логикалық екпінді дұрыс қояды;
  • дауыс ырғағын, әуенін сақтайды;.
  • сөйлеу мәнеріне сай кідіріс жасайды;
  • оку қарқынын (бірде жылдам, бірде баяу) сақтайды.
  • сөйлеу нақышына қарай дауысын құбылтып қолданады.

Бағалау «Бас бармақ»

2-тапсырма

«Түртіп алу стратегиясы»

Өзіңізге таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп, мағынасын түсіндіріңіз

  • Ассамблея –
  • Аварша –
  • ... -
  • ... -

Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызады;
  • мағынасын түсіндіреді.

Бағалау «Бағдаршам»

3-тапсырма

Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;
  • үзіндіні жаттайды;
  • жұбына мәнерлеп жатқа айтады.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Аудиокітап

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://kitap.kz/media/kitap/5237/audiobook/9d69179f2b23a44685ec5959444d530b/track_1.mp3

Таныстырылым

Сабақтың соңы

 Рефлексиялық шеңбер

 Оқушылар шеңберленіп орындықтарға отырады (немесе аяғынан тік тұрса да болады). Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қояды:

 - Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

 - Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

 - Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

 - Сабақта қандай қиындықтар туындады?

 - Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсету үшін эссе жазу барысында барлық оқушыларға дайын тірек сөздер беремін, кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоямын, үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Оқушылардың қабілеттерін ескеріп, сараланған тапсырмалар беремін. Эссе жазу барысында оқушыларға бағыт-бағдар беру мақсатында эссе үлгілерін көрсетемін.

Оқушыларды бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бес жұлдыз», «Бас бармақ» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын.

Тақырып өзін-өзі тану пәнімен байланысты. Оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу