![]() |
|
![]() |
Балалық шақтың бейнесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
А деңгейі Тапсырма: Кестеде берілген кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіре отырып, хикаяттың қай тұсынан алынғандығын әңгімелеңдер.
Кейіпкер сөзі мен портреті | Есімі |
Үстіндегі киімінің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетінен ит талағандай, алым-жұлым, алқа-салқа. | Әңгімеші бала |
Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза. | Садық |
– Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба? | Есікбай |
–Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? | Бапайдың кемпірі |
–Аян балалар үйіне кеткелі жатыр. | Аян |
–Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. | Ауыл балалары |
Дескриптор: - кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіреді; - хикаяттың қай жерінен алынғандығын әңгімелейді.
В деңгейі Тапсырма: Шығармадағы балалар бейнесі (ҰОС кезіндегі) мен бүгінгі күннің балаларын Венн диаграммасында салыстырыңдар.
Дескриптор: - екі кезең балаларына ортақ 2 сипатты анықтайды; - екі кезең балаларының 2 айырмашылығын анықтайды.
С деңгейі Тапсырма: Аян бейнесіне тән үш ерекшелікті шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңдер.
Аян қандай бала? | Себебі | Шығармадан мысал |
Аян – қиялы ұшқыр бала |
| |
Аян – ақылды, ақкөңіл бала | ||
Аян – шыдамды, төзімді бала |
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023