Балалық шақтың бейнесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Балалық шақтың бейнесі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

Сабақтың мақсаты

Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Бағалау критерийлері

Көркем шығарма кейіпкерлерін портреті мен іс-әрекеті арқылы талдайды

Тілдік мақсат

Диалогке қажетті академиялық тілдік қолданыстар: портрет, бейне, кейіпкер, автор, хикаят, шығарма

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Адамгершілік

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды шығармада кездесетін кейіпкерлердің есімдері арқылы топтарға бөлу.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр топ сабақтың өтуіне қатысты өзінің бір ережесін ұсынады: достық, тәртіп, бірін-бірі тыңдау, пікірлерін бағалау т.с.с.

Үй тапсырмасын пысықтау: Оқушылар жазып келген ертегілерін жұпта бір-біріне оқып таныстырады. Оқушылардың бағалауы бойынша сәтті шыққан 3-4 ертегілерді сыныпта оқиды.

Не себепті шығарма кейіпкерлері арқылы топтарға бөлінгендігіне тоқтала отырып, сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.

Презентация

Ортасы

20 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту — Хикаят не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

(Оқушы пікірін білу)

Қазақ халқы үшін жусанның орны ерекше болған. Бұл сөзді естігенде əрбір адамның жаны жадырап, көңілі көкке көтеріліп, даламыздың дарқандығы мен қадір-қасиеті санаға келеді. Ғажайып болмыс көз алдыңда көрініс табады. Мəселен, ұлы əмірші Бейбарыс Сұлтан қыпшақ даласының бір түп жусанының иісіне еміреніп, сағынышын басқан деген аңыз бар. Демек, жусан – сағыныштың, ұлы аңсардың, ынтық арманның символы.

Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

Мағынаны тану

А деңгейі Тапсырма: Кестеде берілген кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіре отырып, хикаяттың қай тұсынан алынғандығын әңгімелеңдер.

Кейіпкер сөзі мен портреті

Есімі

Үстіндегі киімінің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетінен ит талағандай, алым-жұлым, алқа-салқа.

Әңгімеші бала

Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза.

Садық

– Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба?

Есікбай

–Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә?

Бапайдың кемпірі

–Аян балалар үйіне кеткелі жатыр.

Аян

–Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол.

Ауыл балалары

Дескриптор: - кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіреді; - хикаяттың қай жерінен алынғандығын әңгімелейді.

В деңгейі Тапсырма: Шығармадағы балалар бейнесі (ҰОС кезіндегі) мен бүгінгі күннің балаларын Венн диаграммасында салыстырыңдар.

Дескриптор: - екі кезең балаларына ортақ 2 сипатты анықтайды; - екі кезең балаларының 2 айырмашылығын анықтайды.

С деңгейі Тапсырма: Аян бейнесіне тән үш ерекшелікті шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңдер.

Аян қандай бала?

Себебі

Шығармадан мысал

Аян – қиялы ұшқыр бала

Аян – ақылды, ақкөңіл бала

Аян – шыдамды, төзімді бала

Дескриптор: - Аян бейнесіне тән ерекшеліктердің себебін түсіндіреді; - шығармадан мысал келтіреді.

Бағалау: «Ең, ең, ең»

Ой толғаныс Оқушыларға гүл, жусан, ұстаның құралы, ит, хат, кітаптың (мұғалім қалауы бойынша басқа суреттер таңдай алады) суреттері көрсетіліп, оқушылар шығарма кейіпкерлерін осы суреттермен байланыстырып талдайды. Мысалы, кітапты көргенде менің есіме Аян түсті. Себебі оның ертегі құрастыруға деген қызығушылығы мен тіл байлығын мен асыл қазынамыз кітапқа теңер едім т.с.с.

Baq.kz

http://saynmuratbekov.blogspot.com/p/blog-page_25.html

Соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Аян атынан ертегі құрастырып келу.

Кері байланыс. Оқушы берілген тіркестердің бірін таңдап, сөйлемді өз сөзімен толықтырады:

Маған .............................. әсер етті.

Мен үшін қызықсыз................................... .

Мен үшін қиын ................................. .

Мен үшін оңай .................................... .

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады.

Тарих пәнімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта адамгершілік құндылығын талдайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу