Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: № Бөлім: Абайды оқы, таңырқа! | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 6 Т-1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы орындай алады: Өлеңнің маңыздылығын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңдегі маңызды деген үзінділерді анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Белгілі бір анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Өлеңнің композициясындағы үзінділердің біріне негіздеме жасайды. Анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: ғибрәтлі , нәфрәтлі, мал шашпақ, қанағат, рақым Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Ғалым болудың басты шарттары» , «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», «Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды» | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр | ||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: басқа мәдениеттер мен тілдерге, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметі қалыптасады. | ||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жатқа айту | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут
5 минут Сабақтың ортасы 18 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сурет арқылы 4 жұпқа бөлу. Жұптар өздеріне жүктелген міндеттерді түсінеді.
Жұпқа бөлу - белгілеуші - байланыстырушы
- суреттеуші -қорытындылаушы Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
II. Қызығушылықты ояту. Топтық жұмыс. «Сөздік гол» ойыны. Ойын шарты бойынша екі суретте жазылған сөздерді параққа ретімен түсіріп, мағынасын жазып, сөйлем құрау. Ретімен мағынасын тапқан топ «гол» деп белгі береді.
Бағалау критерийі: -жасырынған сөздерді рет-ретімен дұрыс таба білді; -сөздердің мағынасын дұрыс анықтайды; -құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті. III. Мағынаны тану кезеңі. Жұптық жұмыс. «Әдеби шеңбер» стратегиясы. (Міндеттеріне қатысты әр жұпқа жеке-жеке дескриптор таратылады.) Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, әр жұп өздеріне тиісті тапсырманы орындайды. Тапсырма Белгілеуші жұп- өлеңнің тақырыбын анықтап, ғылым жолына ұмтылған жастарға ақынның айрықша ескертуін , ақынның айтайын деген ойын жеткізіңіздер.
Байланыстырушы – өлеңнің идеясын анықтап, маңызды деген үзінділерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып өзіндік көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Суреттеуші – өлеңдегі маңызды мәселелердің біріне қатысты сурет салып, ой қорытынды жасаңыздар. Қорытындылаушы- ақын жастарға қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен дос болуға шақырды ? өлеңнің негізгі түйінін, тәрбиелік мәнін анықтаңыздар.
Дескриптор: Оқушылардың барлығы рөлдік тапсырмаға қатысады; Белгілеуші жұп 1. Өлеңнің тақырыбын, ақынның айтайын деген ойын анықтай алады; Байланыстырушы жұп 1.Өлеңдегі маңызды үзіндіні анықтай алады; 2. Маңызды үзіндіге қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, көзқарас білдіре алады; 3. Өлеңнің идеясын анықтай алады. Суреттеуші жұп 1.Шығармадағы маңызды үзінді бойынша сурет арқылы түсіндіре алады; 2.Сурет негізінде ой қорытындысын жасай алады. Қорытындылаушы жұп 1. Ақынның жастарға қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен дос болуға шақырғандығын анықтай алады; 2. Өлеңнің негізгі түйінін, тәрбиелік мәнін анықтай алады. Кері байланыс. Бағалау: «Басбармақ» әдісі
| Таныстырылым Слайд Үлестірме | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Рефлексия «Ақылдың алты қалпағы» Ақ-сабақта біз үшін қандай маңызды ақпарат болды? Қара-сабақта қиындық туғызған не? Сары-қай жұптың жұмысына ерекше баға беруге болады? Жасыл-келесі сабаққа қандай ұсыныс айтасыздар? Қызыл-бүгінгі сабақтағы эмоцияңыз қандай? Көк (мұғалім)- үй тапсырмасы Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттап келу. |
| |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Оқушыларды бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек»,«Басбармақ» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын. Оқушылардың бөлім бойынша эпизодтардың маңыздылығын анықтағандарынан аңғарамын. | Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады: оқушылардың түзу отыруын қадағалап отырамын. Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдылары дамиды. Білім, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?