![]() |
|
![]() |
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Тақырып: Оқу мақсаты | Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы Өлеңнің композициясындағы үзінділердің біріне негіздеме жасайды. Анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді. |
Тапсырма |
Жұптық жұмыс.
«Әдеби шеңбер» стратегиясы. (Міндеттеріне қатысты әр жұпқа жеке-жеке дескриптор таратылады.)
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, әр жұп өздеріне тиісті тапсырманы орындайды.
Тапсырма
Белгілеуші жұп- өлеңнің тақырыбын анықтап, ғылым жолына ұмтылған жастарға ақынның айрықша ескертуін , ақынның айтайын деген ойын жеткізіңіздер.
Тақырыбы |
Байланыстырушы – өлеңнің идеясын анықтап, маңызды деген үзінділерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып өзіндік көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Идеясы |
Суреттеуші – өлеңдегі маңызды мәселелердің біріне қатысты сурет салып, ой қорытынды жасаңыздар.
Қорытындылаушы- ақын жастарға қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен дос болуға шақырды ? өлеңнің негізгі түйінін, тәрбиелік мәнін анықтаңыздар.
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні |
Дескриптор:
Оқушылардың барлығы рөлдік тапсырмаға қатысады;
Белгілеуші жұп
1. Өлеңнің тақырыбын, ақынның айтайын деген ойын анықтай алады;
Байланыстырушы жұп
1.Өлеңдегі маңызды үзіндіні анықтай алады;
2. Маңызды үзіндіге қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, көзқарас білдіре алады;
3. Өлеңнің идеясын анықтай алады.
Суреттеуші жұп
1.Шығармадағы маңызды үзінді бойынша сурет арқылы түсіндіре алады;
2.Сурет негізінде ой қорытындысын жасай алады.
Қорытындылаушы жұп
1. Ақынның жастарға қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен дос болуға шақырғандығын анықтай алады;
2. Өлеңнің негізгі түйінін, тәрбиелік мәнін анықтай алады.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023