Абай жетінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Интерактивті тақтадан тапсырма нұсқасы көрсетіледі. Оқушылар алдымен тапсырманы жұппен ауызша талқылайды.

"Сезімдер мүсіні" әдісі Пайдалану мақсаты: адами құндылықтар мен сезімдерді түсінуге арналған.

Орындалу барысы: Жеке бас намысының мүсіні. Сыныпты екі топқа бөліп, намысы бар және намысы жоқ адамдардың екі мүсінін жасап, салыстырады. Осыдан

кейін өз әсерлерімен бөліседі.

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.

«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.

«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.

«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасап сөйлейді.

[attachment=27554:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_8-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу