Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: №5

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсебай Ботакөз Оразәліқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

11-бөлім: Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, қасиетін сипаттап жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, қасиетін шығармадан дәлел келтіре сипаттап жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіре сипаттап жазады.

 Бағалау критерийі

-шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін дәлелдейтін эпизодтарды анықтап эссе жазады;

-эссе құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсат

Диалог құруға/ эссе жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, тарих

Алдыңғы оқу

Әңгіме үзінділерін талдау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

3 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

4 минут

20 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттегі көрініс туралы айтып өтеді.

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.

II. Қызығушылықты ояту.

Тыңдалым алды сұрақтар:

- Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?

- Шығармадан қандай әсер алдыңыз, сипаттап беріңіз?

- Елімізде әлемге танылған қандай боксшыларды білесіздер?

III. Тыңдалым:

Ермахан Ибраимов

https://www.youtube.com/watch?v=ZdRXI5B5haY

Ермахан Ибрагимов пен Ривераның бойында ұқсастық бар ма?

IV. Жазылым алды тапсырма:

Топтық жұмыс.

Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтаңыз

Ривераға тән қасиеттеріне шығармадан дәлел келтіріңіз

Ривера - намысқой, елін сүйетін, өз халқының жарқын болашағы үшін күресетін, қажырлы жігіт.

Дескриптор:

- Ривераның бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды;

- Әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді.

V. Жазылым

Тапсырма:

Ривераның бойындағы анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап эссе жазыңыз. (110-120сөз)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескриптор:

  • кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
  • негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
  • әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
  • қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды. (20-25 сөз).

Кері байланыс.

Бағалау

Таныстырылым

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=ZdRXI5B5haY

Үлестірме

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

1. «Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таң қалдырды»

Үйге тапсырма: Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы (Д.Лондон. «Мексика ұлы») диалог, монолог құрастырып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылардың жазылым қабілеттерін кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап, мазмұнын талапқа сай жазатынын, стилдік ерекшеліктерін ажырата алатынын аңғарамын.

Өзін-өзі тану, дене шынықтыру пәнімен байланыстырылады.

Оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет дағдылары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу