«Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.


«Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі

І топ:

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман

ІІ топ:

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді. 

Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

ІІІ топ:

Аналы баланың өзі тоқ, 

Анасыз баланың көзі тоқ.

ІV топ:

Балалы үй — базар,

Баласыз үй — қу мазар.

Топтарға бірігу

Оқу мақсаттары:

Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Білу

Әңгіменің басты кейіпкері Сержан қандай бала?

Әңгіменің басты кейіпкері Сержанның өмірі әрі қарай не болды деп ойлайсыздар? Өздеріңізді автор орнына қойып, әңгімені жалғастырып жазып көріңіздер.

Түсіну

Жұп болып импровизация жасаңыздар.

І топ: Есмағамбет пен Сержанның

ІІ топ: атасы Балмағамбет пен әжесі Мейіркүлдің

ІІІ топ: анасы Күміскүл мен баласы Сержанның

ІV топ: әжесі Мейіркүл мен анасы Күміскүлдің әңгімелесіп отырған жерінен көрініс қойыңыздар.

Қолдану

Өткенге көз жүгірту/келешекке көз жүгірту

Венн диаграммасы

Талдау

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деп ата-бабамыз айтқандай, қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өсіп келе жатқан балалар жетерлік. Қалай ойлайсыздар, толық отбасыдан шыққан бала мен толық емес отбасыдан шыққан баланың тәрбиесінде айырмашылықтар болады ма?

Әңгімедегі кейіпкерлердің орнына өздеріңізді қойып монолог жазыңыздар.

І топ: Сержанның

ІІ топ: анасы Күміскүлдің

ІІІ топ: атасы Есмағамбеттің

ІV топ: әжесі Мейіркүлдің атынан монолог жазады.

 

Жинақтау

«Сана саяжолы» әдісі (Conscience Alley)

Бағалау

Қалай ойлайсыз, Сержанның ата-әжесінің тәрбиесінде болғаны дұрыс па, әлде қалаға барып анасының жанында болуы керек пе?

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Рефлексия

Үйге тапсырма:

Әңгіменің басты кейіпкері Сержанға арнап хат жазу

[attachment=27322:anasyn-saynan-bala.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу