Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Өнертабыстар Қазақстанның

индустриалдық-инновациялық дамуында

Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады. Өнертабыс деген ұғым - бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген.

 Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді, микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді, теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді, от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с.

 Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға қарыздармыз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз.

Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.

Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде.

Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар.

Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар.

http://startinfo.kz/buisness/economica-onertapkuj/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу