Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 2 сабақ. 2 нұсқа.
Қосымша ақпарат
Факт немесе дәлдік. Фактіні басқадан қалай айыруға болады?
1. Факт. Яғни, нақты дәлел. Кез келген академиялық мақала фактілерден құралады. (Академиялық мақалада кез келген дерекке сілтеме беріп отыру өте маңызды) Фактінің өзін бірнешеге бөліп қарастыруға болады.
а) Нақты факт. Мұндай фактілер бүкіл әлем болып қабылданған, дәлелденгеніне көп болған деректер. Мысалы, Вакумдегі жарықтың жылдамдығы - 299 792 458 м/с. Бұл ғалымдардың есептеуімен табылған факт.
ә) Сілтемені қажет ететін фактілер. Кейбір деректер факт бола тұра, оны нақтылай түсетін деректер қажет етеді. Мысалы, "Қазақстанның халқы 17 миллион" деген фактіні алайық. Бұл - факт, алайда мұны нақтылау үшін соңғы жүргізілген халық санағына сілтеме көрсетілуі тиіс.
б) Әдеби фактілер. Бұл топқа әдеби кітаптағы деректерді жатқызуға болады. Мысалмен түсіндірейін. "Қожа Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып жіберді". Ойдан шығарылған дерек. Мұның әдеби факті болатын себебі Бердібек Соқпақбаевтің кітабында жазылған. Ал нақты факт ретінде қолдануға келмейтінінің себебі - ойдан шығарылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?