Мұнай кен орындарын игеру. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. Экология: ядролық және мұнай

өндірістері. Шешендік сөздер. Айтыс Мектеп:

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Мұнай кен орындарын игеру

Грамматикалық материал

Айтыс. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Сабақ мақсаты

Дәрістің құрылымы мен рәсімделуіне, жанрлық ерекшелігіне талдау жасай отырып тақырыпқа қатысты өзіндік сыни пікір білдіру.

Бағалау критерийлері

  • дәрістің құрылымы мен рәсімделуіне, жанрлық ерекшелігіне талдау жасай алады;
  • тақырыпқа қатысты өзіндік сыни пікірін білдіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ғылыми стильдің жанрлық ерекшеліктерін талдайды, ғылыми-оқу мәтінімен жұмыс жасайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: экология, ядролық және мұнай өндірістері, геосаяси тауар, қара алтын т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, ғылыми стильдің ерекшелігі, дәрістің тақырыбы т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «экология», «мұнай өндірісі» тақырыбымен байланысты ашылады.

Пәнаралық байланыс

Химия, экология, физика пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар және ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-8

9-10

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

- Суретте не бейнеленген? Бөшкенің түсі, тамшылар, тағы не байқадыңыз? Өсім/кему бар ма?

Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

- «Мұнай – геосаяси өте маңызды тауар» деген пікірді қалай түсіндіресіздер?

- Қалай ойлайсыз, баламалы энергия көздері мұнайдың орнын ауыстыра ала ма?

Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде 1-2 минут талқылайды, белгілі бір тұжырымға тоқталған соң, жауабын сынып оқушыларымен бөліседі.

Мұғалім сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

11-15

16-20

21-25

26-35

36-38

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Оқылым алды тапсырма

«Фракциялық айдау үдерісі» оқу материалы көрсетіледі (03.12 мин.) Ондағы маңызды деректерді анықтайды.

Оқылым тапсырмасы

Оқушылар «Мұнай кен орындарын игеру» тақырыбында берілген мәтін мен фильм арасындағы байланысты анықтайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. Дәрістің рәсімделуіне, құрылымына назар аударып, жанрлық ерекшелігіне талдаңыз.

Мәтін стилі

Ғылыми стиль: ғылыми-оқулық шағын стилі

Жанрлық түрі

Ғылыми-оқу мәтіні

Құрылымы

  • Дәріс жоспары (дәрісте қамтылған негізгі мәселелердің атаулары);
  • Өткен дәріс мазмұнымен байланыстыру;
  • Тыңдалған мәселелер бойынша қорытынды шығару.

2-тапсырма. «Мұнай тұрмыс-салтымызды белгілі бір деңгейге көтерген шикізат көзі деп бағалай аламыз бадеген тақырыпқа сыни пікіріңді жаз. Онда дәрістен үзінді келтіріп, «сөйлем – дәйексөз –талқылау» стратегиясын пайдалан. (60-70 сөз).

Дескриптор

- мәтінді зерттеп оқиды;

- құрылымын анықтайды;

- рәсімделуіне назар аударады;

- жанрлық ерекшелігін талдайды; (кемі 3 дәлел)

- сыни пікір жазады.

Оқушылар жауаптарын өзара оқып топ ішінде бағалайды, мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

https://twig-bilim.kz/ru

http://rmebrk.kz/bilim/kartabai-munai-ken.pdf

«Мұнай кен орындарын игеру» оқулығы

Авторлары:

А.Т.Қартабай

Е.С.Орынғожин

А.К.Есімханова

Сабақтың аяғы

39-40

Рефлексия «3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 аспект;

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу