Ойлап тапқан. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 3-тоқсан, 7 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 (L1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

5-тарау. Білім. Ғылым. Инновация

Сабақ тақырыбы

Ойлап тапқан

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10. ӘТН3. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады

Жетістік критерийлері

Мәтін тілінің сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін зерттейді, талдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбекқорлық, қазақстандық патриотизм және жалпыадамзаттық жауапкершілік

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту

  • «Соңғы жаңалықтар» әдісі

Оқушылар ортаға жиналып, екі-үштен тұрып, бір-бірімен жақын арада естіген әлемдегі соңғы жаңалықтарымен бөліседі.

Мұғалім оқушылардың арасында жүріп, олардың қандай аңалық айтып жатқанын бақылайды.

  • Оқушыларға: «Бұл жаңалықтарды қайдан естідіңіздер?» – деген

сұрақ қояды. Оқушылар сабақ тақырыбымен танысады: Жаңалық агенттіктерінің рөлін түсіндіру

  • Тұрған шеңберлерінде 1,2,3,4,5 сандары арқылы 4 топқа бөлінеді.

Сабақтың мақсаты, жетістік критерийіайтылады.

Сабақтың ортасы

25 минут

1.Әр топқа бөлек мәтін таратылып, оның мазмұнымен танысуға уақыт беріледі.

2. Т. Әр топ оқыған мәтіндерінің тілін (лексика-грамматикалық қолданысы мен сөйлемдегі қызметін) зерттейді, талдайды.

  • Мәтіндегі жалқы есімдер;
  • Қысқарған сөздер;
  • Құрмалас түрлері
  • Шылаулар
  • Бірыңғай сөйлем мүшелері:
  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері:
  • Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері:
  • Төл сөздер мен төлеу сөздер:
  • Терминдер:
  • Тірек сөздер:
  • Тұрақты тіркестер:
  • Ауыспалы мағынадағы сөздер:
  • Сандық көрсеткіштер:
  • Қос сөздер:
  • Жақты/жақсыз сөйлемдер:

(Мұның бәрі жүйемен, біртұтас мәтін ретінде беріледі).

«Ең үздігі» әдісі арқылы оқушылар топтағы ең үздік жұмысты анықтайды. Ең үздік жұмыстар оқылады.

Жетістік критерийі

ЖК: мәтін тілінің сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін зерттейді, талдайды.

Бағалау

Топтар критерийге сәйкес бір-бірін бағалайды:

1 2 3 4 1

pps.kaznu.kz/

2

/Main/FileShow/

757947/.../1

Ұяшықтағы сұрақтар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия « Еттартқыш»

Оқушылар сабақ бойынша маңызды ақпаратты саралайды, өз іс-әрекеттеріне сыни көзқараспен баға береді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 1-топқа:

Мультфильм жасауға ең алғашқы қадамды ағайынды Люмьерлер бастаған болатын. Олар мультфильмнің кейіпкерлерін қағазға салып, оған жарық беру арқылы көрсетті. Бұл әдіс фотоаппарат пайда болғанша жалғасты. 1877 жылы 30 тамызда мультфильмді өнертапқыш Эмиль Рено патенттеді. 1914 жылы Уинзор Маккей алғаш рет басты кейіпкері бар мультфильмді құрастырды. Ол кейіпкердің есімі Герти болатын. Балалар үшін Герти динозвар қызықты болды. Маккейдің Герти ойлап табуына студенттері көмектесіп, тіпті лентасын да жасаған. 1928 жылы атақты Уолт Дисней компаниясы Микки Маус есімді кейіпкері бар танымал мультфильмді жарыққа шығарды. Кеңес Одағы елдеріне мультфильм 1936 жылдары келді. Ресейде мультфильм жасау ісі жақсы дамыған. Олар балардың сүйікті кейіпкерлері бар «Ну погоди!», «Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Бауырсақ» атты мультфильмдерді кішкентай көрермендеріне ұсынды. Ал, Қазақстанда мультфильммен шұғылданатын студиялар өте аз. Балаларға қазақ ертегілерінің негізінде жасалған мультфильмдер аздық етуде.

 2-топқа:

Балалар ойлап тапқан 7 жаңалық

Әдетте біз «баланың ісі шала» дейміз. «Балалардың қолынан не келеді осы?» деп менсінбей жататынымыз тағы бар. Бірақ… Батутты, қарда жүретін көлікті, Брайл шрифтін ойлап тапқан бала десек, сенесіңдер ме?    Әй, сенбейсіңдер-ау!

Осы айдың ортасында, яғни 17 қаңтарда халықаралық жас өнертапқыштар аталып өтті. Неге 17 қаңтарда дейсіңдер ме? Себебі, бұл күні атақты Бенджамин Франклин дүниеге келген. Франклинді бүкіл әлем түрлі тамаша туындылары арқылы таниды. Мысалы, ол жүзуге арналған аяқ киімді (ласты для плавания) 12 жасында ойлап тауыпты. Кейін шайқалмалы-орындықты дүниеге әкелді. Электр энергиясындағы «+» және «–» таңбаларын да тапқырлаған осы Франклин.

Бүгін өздеріңе Франклиннің ізін қуған бала өнертапқыштармен таныстырмақпыз. Бұлардың бәрі де құбылыс болған дүниелерді мектеп жасында-ақ өмірге әкелген. Ал, таңданбай көр енді!

Брайл шрифті Ойлап тапқан: Луи Брайль, 15 жаста

1824 жылы Луи Брайл көзі көрмейтін, зағип жандарға арналған шрифт ойлап тапты. Әлі күнге шейін бұл шрифтті бүкіл әлем қолданып келе жатыр. Алайда, Брайл бұл жаңалығын 15 жасында ашқан болатын.

Қарда жүретін көлік (снегоход)Ойлап тапқан: Жозеф-Арман Бомбардье, 15 жас

Бұл көлікті ойлап тапқан – канадалық бозбала Жозеф-Арман Бомбардье. 15 жасқа толған туған күнінде әкесі Жозефке ескілеу «Ford T» көлігін сыйға тартады. Бірақ, арада апта өтпей жатып-ақ бала Ford-ды бөлшектеп тастайды. Жай бөлшектеп қана қоймай, бөліктерден қарда жүруге арналған көлікті құрастырып шыққан. Кейіннен Жозеф ұшақтар шығарумен аты әйгілі Bombardier компаниясын дүниеге әкелді. Ал қарда жүруге арналған көлікті әлі де шығарып келе жатыр.

 3-топқа:

Рак белгілерін табудың жаңа әдісі

Ойлап тапқан: Джек Андрака, 15 жаста

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа әдіс жуырда ғана белгілі болды. Оны 15-жасар оқушы Джек ойлап тапты. Джектің диагностика жасауға арналған тест-құрылғысы ұйқы безі, жыныс (аналық) безі т.б рагын бұрынғы құрылғыларға қарағанда анағұрлым жедел анықтай алады екен. Нәтиже 5 минутта-ақ дайын болады. Әрі бағасы да қолжетімді.

БатутОйлап тапқан: Джон Ниссен, 16 жаста

Батутты өмірге әкелу идеясы 16-жасар гимнаст Джордж Ниссенге тиесілі. Джордждың батуты 80 жыл бойы қолданыстан түспеді. Әсіресе, гимнасттар үшін таптырмас құрал еді. Джордж ойлап тапқан батуттың құрылымы да оп-оңай. Темір рама, төсеніш кенеп және керілген серіппе керек. Болды, батут дайын!

Нашар еститін адамдарға арналған құрылғы

Ойлап тапқан: Джона Кон, 14 жаста

14-жасар Джона Кон Good Vibrations деген құрылғының авторы. Бұл құрылғы дыбыс толқындарын анағұрлым ұлғайтып, түйсік арқылы жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Яғни, нашар еститін адамдар музыканы құлағымен естімейді, сезінеді. Жаңа идеясын Кон 2012 жылы жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

 

4-топқа:

Пультті кім ойлап тапқан?

Пультті қазақ ойлап тапқанДемалыс сәтінде рахаттанып жатып, көгілдір экраннан жақсы бір хабар, кино, концерт көргіңіз келетіні ақиқат.Кәдімгі теледидардың пультін қолға ұстап жатып, бұл затты алғаш кім ойлап тапты екен деп ойлана қоймайсыз.Ал енді сол пультті алғаш қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков ойлап тапты дегенге сенесіз бе? Кәдімгі Қазақстан Туының авторы – Шәкен Ниязбеков! Ол өткен ғасырдың 60- жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысымен жұртты таң қалдырған екен.1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында ленинградтық студент Ш.Ниязбеков бас жүлдеге ие болады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Бірақ осы дүниесі қолды болып, суық қолды ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылады. Жапонияның жансызы әшкере болады.Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлейді. Ендеше, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтуға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу