Адамның өміріндегі отбасы: жақсы және нашар көңіл-күйлер себептері. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.


Екі мәтінді оқып, жазылымға пайдалы тіркестерді маркерлеңіз. Шағын пікірталас ұйымдастырыңыздар. Күнделікті өмірден мысалдар келтіріңдер.

1-мәтін

 Көптеген адамдар ең бастысы – мына өмірде бәрін көріп, бастан кешіру, барлық жерге бару, естен кетпес әсерлер алу дейді. Алайда, бәрі де тап осындай емес. Ең бастысы, мына өмірден белгісіз, ізсіз кетпей, артыңда жолыңды лайықты жалғастырар өзіңнің бір бөлшегіңді - балаларды және немерелерді қалдыру керек. Отбасы сол үшін құрылады. Бірақ отбасын жай құра салу жеткіліксіз. Отбасының барлық мүшелерінің арасында жылы, мейірімді қатынастарды сақтау, балаларға жақсы тәрбие беру керек. Отбасы адамның тұрақты тірегі мен қолдаушысы болуы керек. Отбасындағы бір біріне деген сенім, қай кезде, қандай жағдайда болса да ақыл, кеңес, қолдау алуға болатына деген сенімнің болғаны жақсы.

 Өкінішке қарай, барлық отбасында бірдей өзара түсіністік бола бермейді, кей кезде өзара туыс адамдар өзара тіл табыса алмай, әркім өз бетінше өмір сүреді. Мұндай проблема болмауы үшін жай ғана отбасының өз өміріңіздегі аса зор маңызын сезініп, түсіну керек. Өзін ешқашан да бірге туғандары, туыстары мен жақындарынан артық ешкім де түсініп, жақсы көре алмайтынын әр адам түсінуі қажет.

 «Валеология», 79 бет.

 

2-мәтін

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢНАМАСЫ НЕКЕ МЕН ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

 Ерлер мен әйелдердің нәсілге, ұлтқа немесе діни сеніміне қарай ешқандай шектеусіз некеге тұру және отбасын құру құқығы жалпыға бірдей танылған қағидат болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында» деп жазылған.

 Қазақстан Республикасының әйелдер мен кәмелетке жетпегендерді қорғау саласындағы қазіргі заманғы заңнамасы халықаралық құжаттардың талаптары мен стандарттарына бағдарланады және некеге тұрудың ерікті және еркін қағидатын қамтамасыз етеді.

 ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес некеге тұрудың мынадай шарттары бар:

 - некеге тұратын еркек пен әйелдің еркін және толық келісімі;

 - олардың неке жасына толуы.

 Ешкім де Сізді некеге тұруға мәжбүрлей алмайды – Қазақстан заңнамасы осылай дейді. Отбасын құратын еркек пен әйелдің өзара еркін келісімін олар еркін және тәуелсіз түрде айтуға тиіс.

 Некеге тұрған кезде бұл бірінші кезекте маңызды болатын жағдай. Ал осы некені тіркеуші адамға болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы екені белгілі болса, неке тіркелуі мүмкін емес. Некеге тұруға еркін түрде шешім жасалуын адам өзі растауы керек. Ешқашан да неке қиюды сенім білдірілген адам арқылы, туыстары немесе достары арқылы жүзеге асыруға болмайды.

 Некеге еркін тұру некелесетіндердің отбасын құруға өзара және саналы түрдегі дайын екендіктерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол кімнің тарапынан болса да физикалық немесе психикалық түрде зорлық жасап мәжбүрлеудің жоқтығын да білдіреді.

 

Жазылым тапсырмасы

«Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе (130-150 сөз) жазады. Эсседе мәтінде асты сызылған сөздерді орынды пайдаланады.

Дескриптор:

  • эссе құрылымын сақтайды;
  • ұсынылған тірек сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
  • өз ойын және шешімдерін дәлелді жеткізеді;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу