Алаш зиялылары және ұлт тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тарапта материалы

Жазылымалды талқылау сұрақтары:

    • Алаш зиялыларынан кімдерді білесіз?
    • Алаш зиялылары ана тіліміздің өркендеуіне қандай үлес қосты?
    • Жазба әдебиетіне қосқан үлесі туралы не білесіз?

Мәтін Мәтінді зейін қоя оқыңыз, жұпта талқылаңыз. Мәтін мазмұнына қандай баға бересіз 2 сөйлеммен жұпта түйіндеңіз.

Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті.

1. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жазылым тапсырмасы

«Алаш зиялылары және ұлт тілі» тақырыбында мектепішілік конференцияда баяндама оқимын деп елестетіңіз. Осы мақсатта оқыған мәтінді негізге алып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, даяр лексикалық құрылымдар арқылы эссе жазыңыз.

Эссе жазуға қажетті лексикалық құрылымдар:

Жазылым тапсырмасы. «Алаш зиялылары және ұлт тілі»/180-200сөз/

Бағалау критерийі:

  • диаграммадағы лексикалық құрылымдарды орынды қолданады;
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алады;
  • эссе құрылымын сақтайды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу