Алаш зиялылары және ұлт тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ 2

Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Тажигалиева З.Т.

Сынып: 10Т1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Алаш зиялылары және ұлт тілі

Оқу мақсаттары

10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Мәтінді түсініп тыңдайды;
  • Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, пікір білдіреді.

 Бағалау критерийлері

 

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.
  • Лексикалық құрылымдар арқылы эссе жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: алаш зиялысы ,тілдің маңызы, тілтану ғылымы т.б.

Жазылымға қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша...

Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін...

Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

5 минут

15 минут

Жазылым алдындағы тапсырма.

Мұғалім әрекеті:

Оқушыларға төмендегі талқылау сұрақтарын ұсынды.

    • Алаш зиялыларынан кімдерді білесіз?
    • Алаш зиялылары ана тіліміздің өркендеуіне қандай үлес қосты?
    • Жазба әдебиетіне қосқан үлесі туралы не білесіз?

Оқушыларға ой тастау мақсатында төмендегі мәтін ұсынылады. Оқушылар бұл мәтінді жұпта талқылайды.

Мәтін

Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті.

Оқушылар әрекеті: Мәтінді оқиды, жұпта талқылайды. Ол мәтін мазмұнына қандай баға беретінін 2 сөйлеммен жұпта түйіндейді.

Мұғалім әрекеті: Тапсырмалар бойынша нұсқау береді. Оқушылардың зейінін шоғырландырып отырады.

Жазылым тапсырмасы

«Алаш зиялылары және ұлт тілі» тақырыбында мектепішілік конференцияда баяндама оқимын деп елестетіңіз. Осы мақсатта мәтінді негізге алып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, даяр лексикалық құрылымдар арқылы эссе жазыңыз.

Эссе жазуға қажетті лексикалық құрылымдар:

Бағалау критерийі:

  • диаграммадағы лексикалық құрылымдарды орынды қолданады;
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алады;
  • эссе құрылымын сақтайды.

 

Эссе жазу әдістемесі

http://bilimdinews.kz/index.php/item/2785-esse-zhazu-disteri

Таратпа материал

Таныстырылым

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабын оқу.

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы «Менің баспалдағым» арқылы талқылайды.

Рефлексия. «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған білімдерін қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.

Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу