Күн энергиясы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_________

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ меңгерушісі

_________

Мерзімі «___» ___ ___

Бөлім: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Сабақтың тақырыбы: Күн энергиясы.

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Алмагамбетова Ж.К.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

 Сабақ мақсаттары

Негтив

-Ұсынылған бейнематериал мазмұнын жан-жақты түсіну:

-Қазіргі өмірмен байланыстыру;

-тақырып бойынша мақала жазу;

 Тілдік мақсаттар

Күн энергиясы, жасыл экономика, жетістіктерге куә болу, күн сәулесі, қуат.

 Бағалау крийлері

  • Ұсынылған бейнематериал мазмұнын жан-жақты түсінеді:
  • Қазіргі өмірмен байланыстырады;
  • Тақырып бойынша мақала жазады;

Алдыңғы білім

Бөлім бойынша алғашқы сабақ

Пәнаралық байланыс

Физика, химия, география

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Сипаттап көр» сергіту сәті

Оқушыларға күн энергиясы туралы суреттер ұсынылады. Суреттерге назар аударады. Физика мен химиядан алған білімдерін пайдаланып, күн энергиясы туралы ой бөліседі. Суреттегі көріністерді сипаттап айтады.

Оқушыларға сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар бейнематериалды мұқият тыңдайды және сұрақтарға жауап береді.

  • Елімізде өткен EXPO-2017 қандай көрме?
  • EXPO-ның тақырыптық павильонынан қандай сұрақтардың жауаптарын таба аласың?
  • Күн энергиясының озық өнімі қалай аталады?
  • Бұл көліктің басқа көліктерден 5 ерекшелігін анықта.
  • Күн энергиясының саяхатшылар үшін пайдалы тұстарын анықтап көр.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Кем дегенде 3 сұраққа жауап бере алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Жазайық!»

Оқушылар берілген сұрақтарды оқып, ойларын ортаға салады. Физика мен химиядан алған білімдерін пайдаланып мысалдар, дәлелдер мен фактілер келтіріп, мақала түрінде ой-пікірін ұсынады.

  • Күн энергиясының пайдасына нелерді жатқызар едің?
  • Күн энергиясының қазіргі замандағы көрінісі қандай?
  • Күн энергиясының ел экономикасындағы орны қандай?
  • Күн энергиясын жаппай пайдалану үшін, әрі қарай дамыту үшін не істер едің?

1.Мақсатты аудиториясы - оқушылар.

2.Мақсаты күн энергиясын тиімді пайдалануға шақыру.

3.Стильдік сипаты: публицистикалық стиль ғылыми стильдің элементтерімен.

Дескриптор:

  • Мақала жанрының құрылымын сақтайды;
  • Публицистикалық стильді ғылыми стильдің элементтерімен орынды қолдана алады;
  • Кем дегенде 1 теңеу сөз қолдана біледі.

https://www.youtube.com/watch?v=ICD5As0WpW4

(Дизайнер туралы мәлімет көрсетілмейді)

Соңы

3 минут

2 минут

Бағалау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын оқып, критерийлер бойынша бағалайды. Мұғалім тыңдап, түзететін жерін түзетіп, өз бағалайын ұсынады. Салыстыру жасайды.

Рефлексия.

Оқушылар бүгінгі сабаққа нақыл сөз түрінде кері байланыс береді.

Бүгінгі сабақтағы сіздің жетістігіңіз...

Сіздің қателігіңіз.....

Алдағы сабаққа жоспарыңыз.....

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары

жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу