Қазақстандағы туризм. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.


 1-қосымша

 

 «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

 

 Бұл әдіс оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

 Бұл әдіске негізделген тапсырманы ұйымдастыру бойынша кеңестер:

 Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Тапсырма нұсқаулығына сәйкес күнделікті толтырады. 

 Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

 ─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

 ─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?

 ─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

 

 2-қосымша

 

 

 Мұғалімге саралау жүргізу үшін әдістемелік кеңес

 

 Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

 Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

 Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)

  Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әр түрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады.

 

Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау

Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдау жылдамдығы өте жоғары болуы.

Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін – тапсырманы шұғыл және жоғары жылдамдықта орындау маңызды.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу