Туристік жарнамалар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 6 сабақ.


Мұғалімге қосымша мәліметтер

1-қосымша

 Оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасау. Интерактивті оқыту – танымдық әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және болжанған мақсаттарды көздейді. Осындай мақсаттардың бірі – оқушы өзінің табыстылығын, ой-өресінің қаншалықты биіктігін сезіне алатындай, оқуға жайлы жағдай жасау. Интерактивті оқытудың мәнісі – оқу үдерісін барлық оқушыларды практикалық тұрғыда таным үдерісіне жұмылдыратындай етіп ұйымдастыруда. Оқушылардың таным үдерісінде бірлесе әрекет етуі, оқу материалын меңгеруі бұл үдеріске әрқайсысының өзіндік жеке дара үлесін қосатындығын, білімдерімен, идеяларымен, әрекет тәсілдерімен бөлісетіндігін білдіреді. Бұл оқушылардың жаңа білім алып қана қоймай, танымдық әрекеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі өзара қолдау жағдайында өтеді және бірлесу мен ынтымақтастықтың аса жоғары формасына айналады.

 Қуаныш және оған бөлену сәтін күту оқушының өмірі мен оның әрекетінде үнемі орын алуы тиіс. Тіпті ересек адамдар үшін де қуанышты сәтті күту – оның ісінің алға жылжуының қайнар көзі болып табылады. Қуанышқа адам табысқа қол жеткізгенде бөленеді және ол адамды қанаттандырады. «Дефицит радости познания порожден дефицитом радости преподавания» [20]. Сондықтан мұғалім әрекетінің мәні – әр тәрбиеленушінің табысқа жетуіне жағдай жасау. Олардың әрқайсысының өз табысына қуануына, өз мүмкіндігін сезінуіне, өзіне сенуіне мүмкіндік жасауы керек. Баланың табысқа жету жолындағы бір сәттік күйзелісі оның психологииялық көңіл күйін түп - тамырымен өзгертуі де, тұлғаның болашақ іс-әрекетінің, қиындықтарға қарсы күш қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы да мүмкін. Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:

 1) Айналасындағылардың тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне күлімдеп, достық қатынаста болуы, тапсырманың орындалуы мен күтілетін нәтижеге деген қызығушылық – осының бәрі психологиялық қыспақты жойып, сәтсіздік қорқынышын азайтып, субьектінің белсенділігін арттырады. Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет, өйткені...», «Бұл сен үшін өте маңызды, өйткені ...» деген сөздермен арттырып отыру керек. Оқушы әрекетінің маңыздылығын баса айту тұлғаның өзіндік мәнін арттырып, өз күшіне деген сенімін туғызады.

 2) Қорқынышты сейілту – бұл табысқа жетуді көздейтін және сәтсіздіктен қорқатын әрбір оқушы үшін ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша қиын емес ... Тіпті жүзеге аспаса да ештеңе етпейді, біз басқа тәсілдерді іздейміз ...» немесе «Біз бәріміз саған көмектесеміз» дегенді айтып отыруы керек.

 3) «Жасырын нұсқау» – бұл әрекет етудің басқаша түрі, яғни адамға бүркеме көмек көрсету. Мұнда оқушы толықтай өзінің ресурстарына сүйене отырып, ешқандай көмексіз жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Тәжірибесі, икемі болмағандықтан алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай жағдайда: «Есіңде ме, әрине, мынадан бастау керек...», «Мына жағынан кіріскен ыңғайлы...» немесе «Мұнде ең бастысы... » деген сөздермен қолдау көрсетеді. Жасырын нұсқау оқушы санасына елес береді, ол өз әрекетінің барысына қажетті картинаны көреді. Аталмыш елес субьектінің өзіндік қадам жасауына негіз болады.

 4) Достық жағымды берік қатынас – бұл адамның әлі ашылмаған жақсы жақтарының айналасындағылар арқылы ашылуына негіз болады. Мысалы; «Сендей ақылды (күшті) адамның қолынан бәрі келеді» деген сияқты сөздермен қасындағылардың демеу көрсетуі.

 5) «Жеке ерекшелік»: бұл операция «Тек сенің ғана қолыңнан келеді...., біз саған ғана үлкен сенім артамыз» деген сөздер арқылы субьектінің жауапкершілігін арттырып, тез әрекет етуіне ықпал етеді.

 6) Педагогикалық иландыру - тәрбиеленушіні сендіру, нандыру тәсілі. Бұл көп жағдайда бүтіндей педагогикалық шеберлікке байланысты.

 7) Педагогикалық операция жүйесі бала әрекетінің нәтижесін бағалаумен аяқталады. Ол баланың жеткен табысына қаншалықты қуанғанын анықтайды. Бағалау тұтастай емес, нақты болуы керек. «Маған көбірек ұнағаны, сенің...», «Әсіресе саған орайы келгені...», «Мына көрініс таңқалдырды...» деген мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігін жеке дара бағалаған дұрыс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу