Өнер белестері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


3 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өнер белестері

Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Қазақ драма театрлары бағындырар белестер алда

Қазақстандағы театр өнерінің қазіргі жағдайы мен болашағы «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлады аталған партияның баспасөз қызметінен.

 Бүгінгі күні Қазақстанда 60-тан астам театр бар. Оның көбі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында тәуелсіздік алғаннан кейін ашылды. Халықтың рухани өмірінде және елдің даму үрдісінде өнер өте үлкен рөл атқарады. Сондықтан да мәдениет қайраткерлері мен биліктің және қоғамның өзара бірлестігі - өзекті мәселелердің бірі. Жиында сөз сөйлеген партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин осы саланың үздіксіз дамуы үшін күш біріктіруді ұсынды. Ол Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мәдениет -партия жұмысының басым бағыттарының біріне айналғанын атап өтті. Себебі, бұл қоғамдық құндылықтар базасын, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыратын сала. Отырысқа қатысушылар Қазақстан театрының бүгінгі ахуалына, әсіресе әртістердің, режиссерлердің, драматургтердің жағдайына баса назар аударды. «Біз, ең алдымен, қазақ театрының бүкіл әлем білетін өзінің Президентіне, өз еліне лайықты дәрежеде болатын жаңа тұлғалары, жаңа шығармашылық деңгейі туралы ойлауымыз керек», - деді Театрлар қызметі одағының төрағасы, «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Тұңғышбай Жаманқұлов. «Нұр Отан» партиясының осындай шара өткізіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл өте қажет. Соңғы уақытта қазақ драма театрлары көптеп ашылып жатыр, ал оның деңгейі бұрынғыдан да жоғары болу керек. Сондықтан біз бағындыратын белестер әлі алда», - деді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры Кеңес Жұмабеков.

Қосымша оқуға: http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1110397&simple=true#

Тәпенов Ерсайын «Өнер белестері» жинағы туралы аннотацияны оқып талдау және жинаққа енген бір естелік әңгімені оқу

Аннотация:

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры Ерсайын Тәпеновтің "Өнер белестері" атты жаңа кiтабымен толықты!

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Павлодар облыстық Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бас режиссері Ерсайын Тәпеновтің театр өнерін дамытудағы еңбегі ерекше. Халыққа кең танымал өмір жолын Семей театрында бастаған Е. Тәпенов, Торғай, Қарағанды облыстарындағы қазақ драма театрларының еңсесін көтеріп, шаңырағын биіктетуге үлкен үлес қосты.

Бұл кітапта өнер қайраткерінің аталған театрлардағы және Павлодар облысындағы қазақ театрының қайта жаңғыруына қосқан үлесі, өнер ұжымының өсіп-қалыптасуы, өркендеуі, өрлеуі жөнінде кең деректер, ақпараттар берілді.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Кітаптың алғашқы беттерінде Павлодар қазақ театрының соғыс жылдарындағы кезеңін "Тарих белесінде" деп қарастырса, келесі бетте режиссердің замандастары мен әріптестерінің ізгі тілектері жазылған.

Кітаптың келесі бөлімдерінде "Мен өнерді өмірден үйрендім" - деген атаумен бас режиссер өз өмір жолымен кеңірек таныстырып өтеді.

Одан кейінгі бөлімдерде республикамыздың басқа да қалаларындағы қазақ драма театрлары жайлы жан-жақты мағлұматтар берілген.

Назарларыңызға ұсынылып отырған кітап жоғары және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға арналады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу