Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


1-тапсырма

«Кім жылдам?» ойыны арқылы сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырды. Тұрлаулы мүшелерді тауып, сөйлем мүшесіне талдайды. Баяндауыштың орнын анықтайды.

  • Табиғатты, қорғайды, адам.
  • Өсімдіктер, жоғалып жатыр, кейбір
  • Ол, әсер етеді, экологияға.
  • Қызыл кітапқа, жазылады, жоғалып кеткен, жануарлар.
  • Жеке түрлердің жойылуы, қауіп, экологияға, әкеледі.

Дескриптор

Берілген сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастырады.

Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтайды,

Баяндауыштың сөйлемдегі орын анықтайды.

2-тапсырма.

Мәтінді оқиды. Тақырыбын, көтерілген мәселені анықтайды.

Ықтимал жауаптар:

Мәтін биоалуантүрлілік туралы ақпарат береді. Табиғатта бір жануар не өсімдіктің жойылуы табиғи апат әкелуі мүмкін.

Белгіленген сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табады, дәптерге көшіріп жазады.

Биосфера  — Жер бетіндегі тіршілік кабаты. Биоалуантүрлілік биосфераның тіршілік етуінОның қалай ің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің негізгі көзі. Жалпы алғанда, жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырады. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен өсе бастады. Табиғатта бір жануар не өсімдіктің жойылуы табиғи апат әкелуі мүмкін.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырды. Соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Адам рельефті, өзен арнасын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі. Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.

Дескриптор

Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды.

Тұрлаулы мүшелерді анықтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу