Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ(Т1)

Мектеп:

Күні:

5-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8-сынып

Қатысқандар:8 « »

Қатыспағандар:8 « »

Сабақтың тақырыбы

Ғарышты игеру жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.3.1 -мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Берілген мақала мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі: Мақала туралы анықтаманы түсініп, оны белгілеріне қарай «Гауһар тастар иерархиясы» бойынша орналастыра алады.

Оқушылардың біразы: Мақала туралы анықтама негізінде берілген мақалаға толық, дұрыс талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері

-мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:

Байқоңыр, ғарыш, ғарыш жетістіктері, ғарышкерлер, ғылыми жаңалықтар, ғарыштық аппараттар,т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша ...

Мен .... келісемін.

Тарихи деректерге сүйенсек...

Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелік элемент)

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу.

ІІ. Оқушыларды түгендеу.

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

  • Балалар, публицистикалық стильге жататын жанр түрлерін атап бере аласыздар ма? (Оқушылар осы стильге қатысты жанр түрлерін атайды.)
  • Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Презентеация

Сабақтың ортасы

30 минут

 Оқылым алды тапсырмасы:

 Мақала туралы анықтама беріледі.

 Оқушылар анықтамамен танысады.

 Оқушылар өз жұмыстарын қорғап болған соң, оларға мақала туралы анықтама беріледі. Оқушылар анықтамамен танысып болған соң, «Гауһар тастар иерархиясы» бойынша орналастырған жұмыстарын талдап, бағалайды.

Мақаланың негізінде не жатады? Дерек пен жекелеген оқиға жатады, олар кең ауқымды құбылыс ретінде қарастырылады. Нақты деректер, оның тууына негіз болған құбылыстармен байланысқа түседі. Мақалада деректер автордың ойын жеткізу күралы ретінде қолданылады. Автордың көзқарасы, оның түйіндері кең ауқымды орынға ие және нақты дерекке негізделген жалпылама жинағы құрайды.

Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дэлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр»,-деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады».

 Оқылым тапсырмасы:

 Берілген мәтінді оқыңыз, мақалаға тән белгілерді жанрға тән басты белгілерін «Гауһар тастар иерархиясы» әдісі бойынша орналастырып, өз ойларын дәлелдейді.

 

 

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше – Мәжілісі депутаты М. ӘБЕНОВ

 

Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 48 жыл толып отыр. Осы орайда әлем елдерінің ұстанған бағыттары, еліміздің ғарыш саласындағы көздеген мақсаттары мен оларды заңдық тұрғыдан жүзеге асыру жолдары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов әңгімелейді.

 – Мұрат Абдуламитұлы, Бүгінгі таңда Қазақстан да ғарыш саласын дамытуға баса мән беруде. Ал сіз сол «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан Қызылорда облысында туып-өстіңіз. «Байқоңырдың» пайдасын ел болып көруіміз үшін қандай істер атқарылғаны жөн? Ғарыш саласын игеру туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз.

 – Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Бізді «Байқоңыр» арқылы да біраз елдер танып білді. Сонау Кеңес үкіметі жылдары да ғарыш айлағының Қазақстан жерінде орын тепкені айтылып жүрді. 1961 жылы сәуірдің 12-сі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа ұшып шыққанда, адамзаттың алғашқы басты арманы орындалғандай болды.

 1991 жылы қазанның 2-сі күні қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтеріліп, халқымыздың жүздеген жылдар бойы армандаған биігіне қол жеткізді. Дәл сол сәттен кейін Елбасы қатысушыларға ғарыш агенттігінің құрылуы туралы хабарлаған болатын. Сондықтан біздегі ғарыш саласының да, мемлекет ретінде қалыптасуымыздың да тарихы бір-бірімен тығыз байланысты.

 – Қазақстан ғарыш саласын қалай дамытуы қажет деп есептейсіз?

 – Біріншіден, бәсекелестік артықшылықтарға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық прогрессшіл салаға басым назар аудару қажет. Дәл осындай санатқа ғарыш саласы да жатады.

 Екіншіден, жеткілікті бастама қоры қажет. Біз әлемдегі ең қуатты, тиімді, функционалды ғарыш айлағын – «Байқонырды» иемденеміз. Сондай-ақ ғарыш қызметін реттейтін кәсіби мемлекеттік құрылым – Ұлттық ғарыш агенттігі де бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы өз ісінің шебері, осы салада машықтанған азамат, «Халық ҚаҺарманы», Ресей батыры, үш мәрте ғарыш кеңістігіне көтерілген тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері, Қазақстан мен Ресейдің екі мәрте генералы Талғат Мұсабаев. Ол танымал тұлға ретінде бұл салада көптеген маңызды қызметтер атқаратынына кәміл сенемін.

 Үшіншіден, ең маңыздысы, Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше маңыз беріп келеді. Сонау 1991 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев журналистер сауалына жауап бере келіп: «Ғарыш айлағы – бүгінгі күні біздің әлемдік экономикалық сайыстағы жалғыз басымдығымыз!» деген болатын. Одан кейін де аз уақыт өткен жоқ, экономикалық және саяси жағдай өзгерді. Дегенмен де бұл саладағы мемлекет басымдығы одан да нығая түсті. Яғни, елдің индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, халықаралық маңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасау міндеті қойылды. Бұл шешімдердің барлығы нақты қаражаттармен бекітілген.

 – Ғарыш саласының дамуы заңмен негізделуі қажет қой. Парламент депутаттары бұл салада қандай жұмыстар атқаруда?

 – Әрине, бұл салада әлі де бірқатар қиындықтар бар. Мысалы, біз осы саланы жасақтауға кіріскенімізбен, әлі күнге дейін ғарыш қызметін реттейтін «Ғарыш қызметі туралы» заңымыз жоқ. Мұның себебі де белгілі. Қазақстан Республикасының «Ғарыш қызметі туралы» Заңының жобасы 2006 жылы желтоқсанда Парламент Мәжілісінің өткен шақырылымының қарауына ұсынылған. Айта кету керек, ол кезде Қазақстанда ғарыштық қызметті реттейтін салалық орталық мемлекеттік атқарушы құрылым болмаған. Тек ҚР Білім және ғылым министрлігі жанында Аэроғарыштық комитет ғана бар еді. Бәлкім, аталған министрлікте ғарыш саласын терең игерген мамандардың жеткіліксіздігінен болар, заң жобасы барысында депутаттар айтарлықтай кемшіліктерді тапты. Жағдайды Мәжіліс қабырғасында-ақ жөндеуге талпыныс жасалды. Жұмыс тобына мүше депутаттар 116 өзгерту енгізді, көптеген құқықтық ережелер Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкестендірілді және оның тіпті бүкіл мәтіні айтарлықтай өңделді. Енгізілген өзгерістер ілеспелі заң жобаларының жетілдірілуін талап етті. Дегенмен, бұл заң жобасы алдағы уақытта жетілдіріліп, Мәжіліске келіп түсетін шығар.

 Жалпы, біз «Байқоңыр» ғарыш айлағын тек сөз жүзіндегі мақтанышымыз ғана емес, мемлекетімізге қыруар пайда әкелетін кешен ретінде пайдалануға қол жеткізгеніміз абзал. Бұл саладағы көзделген жобалар жүзеге асса, осы мақсаттың орындалатынына сенемін.

 Рақмет әңгімеңізге.

http://www.inform.kz/showarticle3.php?lang=kaz&id=228069

Дескриптор:

  • Берілген мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Мәтін жанрын дұрыс анықтай алады;
  • «Гауһар тастар иерархиясы» әдісі бойынша мәтін жанрына тән кем дегенде 5 белгіні анықтай алады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

«Ғарышты зерттеу елдің жарқын болашағы» атты тақырыпта мақала жазыңыз.

Дескриптор:

  • Кем дегенде бір дерек, бір факт келтіреді;
  • Нақты логикалық байланысты сақтайды;
  • Өз көзқарасын білдіреді;
  • Көзқарас қалыптастырады;
  • Сөз көлемі-150-170 сөз.

 

 

 

http://www.inform.kz/showarticle3.php?lang=kaz&id=228069

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау:

Өтілген тақырыпқа қатысты төмендегі кестені толтырады.

Білемін

Не білдім?

Білгім келеді?

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтың қызықты болған екі тұсы, алдағы уақытта «орындасақ» деген бір әрекет түріне ұсыныс білдіреді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады.

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Тарих пәнімен байланыс.

АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері.

Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет).

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу