Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


 1-мәтін.

 

 Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiнауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Алоны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер,  сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.

  Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады.

 Қазақтың жер серiгi қашан ұшады? Осыдан екi-үш жыл бұрын «КаzSat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Бiрiншiден, отандық телевизия саласы дамып, көршiлес Қытай, Монғолия елiндегi отандастарымыз тамашалай алатын едi. Сондай-ақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк. Алайда оның сапары сәтсiз болды. Белгiсiз себептермен жоғалып кеттi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады. Жаңа құрылым өткен жылдың наурыз айында ұшырылуға тиiс болатын. Бiрақ ақаулар анықталып, осы жылдың бiрiншi тоқсанына ауыстырылды. «КаzSat-1» Жер серiгiне Ресейдiң «Роскосмос» агенттiгi жауапты болды. Биыл ғарыш айлағынан 19 зымыран ұшырылады. Әрбiр зымыран 85 миллион доллар табыс әкеледi. Самғағым келедi… Қазақ баласы қашан ғарышқа самғайды? Бұл сұрақ кiм-кiмдi де мазалайтыны анық. – Алдағы үш-төрт жылда қазақтарға орын жоқ, – дейдi  ғарышкер Т.Мұсабаев. – Өйткенi, ұшу үшiн ғарышкерлер үш жыл бұрын тiркеледi.  Еуропалық ғарыштық агенттiк өз ғарышкерiн ұшыру үшiн ақысын алдын ала төлеп қояды. Бұрын ғарыш сапарын ресейлiктер шешетiн. Қазiр бұл мәселенi 16 елдiң ғарыш саласының мамандары шығарады. Бiздiң ғарышкерлердiң сапарын қаржы байлап отыр. Бүгiнде жоғары оқу орындарының бiрқатарында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Радиобайланыс және радионавигация», «Жылжымалы байланыс құралдары мен жүйелер байланысы», «Радиобайланыс, радиохабарларын тарату және теледидар», «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандықтары оқытылады. Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институты филиалында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң квотасымен 45 талапкер бiлiм алуда. Бұл оқу ордасы ғарыш техникасының тiлiн бiлетiн инженер мамандарын даярлайды. Ал негiзгi ғарыш саласы маманын даярлайтын оқу орны елiмiзде жоқ. Бұл күрделi мәселе алдағы уақытта шешiмiн табары анық.  Ең бастысы, ғарышқа деген балалық арман сөнбесе болғаны.

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/38750

 2-мәтін.

Ғарыштану немесе ғарышқа ұшуғарыш кеңістігіне ұшу; Жерден басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Оған ұшу теориясы, траекторияны есептеу, т.б. ғылыми-техникалық мәселелер – ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастыру; медициналық-биологиялық мәселелер; ғарыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.

  • Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.
  • Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы;
  • Ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
  • 1957 жылдың 4-қазаны мен 2000 жылдың 9-ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті.

Ракеталық-ғарыштық кешенді жасау – күрделі ғылыми-техникалық мәселе. Үлкен ракета тасығыштардың ұшу алдындағы массасы 3000 тоннаға дейін, ұзындығы 100 м-ден астам болады. Оған қажетті отынды (толық массасының 90%-ы) орналастыру үшін ракета құрылымы өте жеңіл болуы тиіс. Сондықтан ғарышқа ұшыру кезінде көп сатылы ракета пайдаланылады (отыны жанып босаған бактар ажыратылады). Қазіргі ракета тасығыш күрделі құрылғылардың жиынтығынан тұрады. Ракета тасығыштың қозғалтқыш қондырғысының қуаты ондаған ГВт-қа дейін жетеді. Ол бір-бірімен үйлесе жұмыс істейтін бірнеше қозғалтқыштардан тұрады. Қозғалысты бақылау жүйесі, әдетте, автономды болып келеді. Ғарыштық аппаратты орбитаға шығару оған бірінші ғарыштық жылдамдықтан (шамасы 7,91 км/с) артық жылдамдыққа, ал Ай, Марс не Шолпанға ұшатын ғарыштық аппараттардың жылдамдығын екінші ғарыштық жылдамдыққа (11,19 км/с) жеткізгенде ғана мүмкіндік туады. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: температураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядролық энергия, Жермен тұрақты байланыс, Жерден басқару жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар – ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады. Бұл аспаптар мен жүйелер борттық басқару кешені жүйесімен бірігіп, ортақ жұмысты қалыптастырады. Космонавтиканың жақын келешектегі мақсаты: әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Космонавтика саласында қазақтың екі ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат МұсабаевҚазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинауға мол үлес қосты.[1]

https://kk.wikipedia.org/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу