Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.
https://www.youtube.com/watch?v=xhmh71XlQS4
Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді
ХАБАР NEWS
2-қыркүйекке жоспарланған қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары ғылым мен экономиканың дамуына септігін тигізеді. Айдын Айымбетов көкте отандық ғылым үшін маңызы зор бірнеше тәжірибе жүргізеді. Қазір бұл бағдарламалар Ресей тарапымен келісіліп жатыр. Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясында 10 тәулік болады. Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы дайындаған ғылыми бағдарлама аясында 10 тәжірибе жүргізу жоспарланып отыр. Олардың арасында ең маңыздысы «Дауыл» жобасы. Жұмабек Жантаев, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының президенті -Бұл тәжірибе негізінде Қазақстандағы экологиялық жағынан қиындау Каспий және Арал теңізі аудандарындағы жер бедеріне мониторинг жүргізіп тұрамыз. Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы жерді қашықтан зондтау тәсіліне басымдық беріп отыр. Қазақстандық ғалымдар бұл жобамен 20 жылдан бері айналысуда. Ғарыштан түсірілген суреттер төгілген мұнайды, шаңды дауылдың қозғалысын, қардың қалыңдығы мен ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор. Жұмабек Жантаев, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының президенті -Ауыл шаруашылығы мен төтенше жағдайларды алдын-ала болжап, мониторинг жүргізу үшін қажет. Мысалы техногендік, табиғи апаттарды, сел мен өртті болжауға болады. Жаңа тәжірибелер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарыш орбитасында жүргізген зерттеулерінің жалғасы іспетті. Авторлары: Ұлан Нвторларынбек, Галина Полевая, Геннадий Лукин
Монолог, сөйлету (грекше – monologos, mono бір, logos-сөз) – –драмалық шығармадағы, сондай – ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі – көңіл күйін білдіретін толғау сөзі : кейіпкерді сөйлету тәсілі. Монолог кейіпкердің өзімен – өзі сырласқандай, ойланып толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Мононлогтың мағыналығы – сол адамның ішкі сырын, көңіл – күйін, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой – тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай – күйі айқын аңғарылады. Мысалы, А.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары осындай. Лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңін арнайы айтуға болады. ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың монологтары ауыз толтырып айтарлықтай.Диалог, сөйлестіру (грекше – dialogos) – әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығарма түгелдей дерлік диалогқа сөйлестіруге және жеке кейіпкерді сөйлетуге, сонологқа негізделіп құрылады. Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол сөйлесетін адамдардың қарым – қатынасының қалай шиеленісіп, қалай өзгеріп, өрістеп отыратынына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтқан сөзі екінші кейіпкердің айтатын сөзіне түрткі болып, келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйледі. Әрбір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез – құлқын тағы бір қырынан ашып көрсетіп, жаңа бір сатыға көтерілгенін танытады. Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс қақтығыстардың шиеленісіп – өрістеуімен осылай тығыз байланыста болып келмесе, онда диалог ширақ, тартымды болмайды. Әсіресе, кейіпкердің қиын, қысталаң жағдайда, қандай әрекет жасайтынын көрсету үшін диалогтың, яғни, олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой – толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан – дүниесі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез – бітіміне, ой – өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы диалог, кейіпкерлерді сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтық тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі. Б.Майлин «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі сұрақ – дауап түріндегі диологқа құрылған:Кеше: Бүгін:Уа, кімсіз?? Уа, кімсің??Ыбыраймыз. Ыбыраймыз.Жаймысыз Жаймысың ?Жаймыз. Жаймын.Уа, қайдан келесіз?? Қайдан келесің ?Сайлаудан келеміз... Соттан келемін...Біз – бай,Біз – құдай...Осы шағын диалогтан қоғамдық өмірдің үлкен шындығын, әлеуметтік жағдайдың, адам тіршілігінің зор өзгерісін анық байқауға болады. сонымен бірге өлеңдегі кейіпкердің әр кезеңдегі хал – ахуалын, жай – күйін, бай кезіндегі бұрынғыастамшылығы мен бүгінгі жаңа өмір орнағанда баснан дәуірені өткенін, яғни мүсәпір халін көреміз.Полилог (грек. Полyс - көп,логос - сөз, әңгіме) — бірнеше адамның арасында болатын әңгіме. "Полилог" термині тілдін қарым-қатынастық қасиетін зерттеуде "диалог" терминіне косымша кабылданған. Сөйлесушілердін саны екеу немесе одан көп болуы диалогтің сипатына қайшы келмейді, қайта олардың монологке қарама-қарсы ортақ қасиетін аша түседі. Полилог сөйлеу тілінің формасы мен жанрына жатады.
https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=109&t=19862
ПОЛИЛОГТЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ Ибраймова Л.Ә. – ф.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) Сөйлесім синтаксисінде сөйлеу актілерінің түрлеріне монолог, диалог, полилогты жатқызамыз. Диалог – әрбір сөйленім сөйлесушіге бағытталып, белгілі бір тақырып мазмұнымен шектелетін сөйлесімнің бір түрі. Диалог жекелеген сөйленімдердің қысқалығымен және олардың синтаксистік құрылымының біршама қарапайымдылығымен сипатталады /1, 132/. Диалогқа қарағанда монолог сөйлесушінің сөзін қажет етпейді, сөйлесім алдымен сөйлеушінің өзіне қатысты болады. Монологтың синтаксистік құрылымы күрделі болып, көбірек тақырыптық мазмұнды қамтуға ұмтылады /1, 132/. Полилог – аты айтып тұрғандай бірнеше сөйлесушінің қатысуымен жүзеге асатын қатысымдық акт. Қазақ тіл білімінде полилог мәселесі арнайы зерттеліп, оның қатысымдық, когнитивтік, стилистикалық т.б. қырлары жете қарастырылмаған. Әдеби көркем шығармалардағы полилог мәселесінде де зерттеуді қажет ететін жайттар жеткілікті. Дегенмен қазақ тіл білімінде бүгінгі күнге дейін «сахнадан түспеген» функционалды грамматика, құрылымдық грамматика зерттеулерінен гөрі қазақ әдебиетінде полилог, монолог, диалог мәселесі кеңінен қарастырылған. Соның бір дәлелі ретінде Т. Сыдықовтың «Қазақ тарихи романының көркемдік тіні» атты оқу құралын атауға болады. Оның ойынша, «диалог – адам мінезі сараланып көрінетін барометр. ...Диалогтерде уақыттың әлеуметтік-саяси атмосферасын шамалауға болатын детальдар мол ұшырасып отырады. ...Адамның мінез-құлқын, жылдар бойы қалыптасқан, сүйегіне сіңген стереотип әдетін, кейіпкердің қай ұлттың өкілі екенін, пиғыл-ниетін көрсетеді. Полилогта халық тағдыры сынға түскен кезеңдік оқиғаларға байланысты жұрттың ұжымдық пікірі айтылып, көңіл-ауаны, хал-аһуалы көрінеді. Бір ғажабы, қазақ жазушыларының полилогтарында қаншама кейіпкерлер қатысса да әрқайсысының сөзі, мінезі-құлқы, әрекеті, адамдық бет-бейнесі, әлеуметтік сана деңгейі, көзқарасы шамаланып, дараланып тұрады /2, 106-113/. Бұл – полилогты қатысымдық, когнитивтік, әлеуметтік лингвистика т.б. тұрғысынан талдауға көмегін тигізетін көзқарас.
Полилог тікелей қатысымдық актінің көрінісі екендігіне ешқандай дау жоқ. Солай болғанда сөйлесім синтаксисіндегі көрінісін тема-ремалық жікке бөлу арқылы байқап көруге болады.
Жағдаятқа байланысты полилогта (жамырай сөйлеуде) бірнеше сөйлеуші қатысқандықтан кімнің сөзі екені нақтыланбайды, яғни «баяншылар» мен «қабылдаушылар» белгісіз бола отырып, қатысым жүзеге асады. Мысалы:
- Мырзалар, – пристав екі құлағын басып біраз тұрды да, қолын жоғары көтерді, – шуламай тәртіппен айтыңдар, не керек сендерге?
- Уа, нан бер, нан!..
- Ажарды босат түрмеден!..
- Мүгедек солдатты босатып бер!
- Баланияз жазаға тартылсын!..
- Асқарды емдетсін!
- Жұмыстан қуылғандар қайтадан алынсын!
- Онысыз жұмыс істемейміз...
- Мырзалар, – пристав басын изеп күлді, – тыңдасаңдаршы бір. Біз осы айтқандарыңыздың бәрін зерттейміз...( Ә. Сәрсенбаев).
Бұл мысалдан қазақ халқының ұлттық сипатын байқауға болады. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі, әсіресе қарапайым (мысалы, әйел затының ортасы) ортада жамырай сөйлеу қалыпты жағдай. Полилогтың құрамында көбіне тема да, рема да бір-біріне ұқсамайды және әрбір сөйленім жаңа ақпарат таситындығы жоғарыдағы мысалдан байқалады. Дегенмен мұнда барлық сөйлеушінің ортақ бір мүддесі бар екендігі белгілі болып тұр.
Сөйлесімде (мәтінде) реманың орны маңызды. Себебі алдыңғы сөйленімдердегі жаңа ақпараттар арқылы қарым-қатынас өрбіп отырады. Бұны С.М. Аташев «ой сабақтастығы», «информация тәртібі» /3/ деп атайды.
Жамырай сөйлеуде әрбір сөйлеуші белгілі бір жағдаятқа байланысты жадыдағы ақпараттарды толықтырып, жаңғыртады. Мысалы:
Көптің аты көп. Ұзақ ойланып, талай амалды жөнсіз долбарлағандардың ішінен бір жас жігіт тосын ақыл айтты:
- Жәке, осы былтыр қайтқан Ожан серіні ту-ту Қожа жасауы дей ме, соның зиратына апарып жерлепті ғой. Марқұмның сүйегін қалай иістендірмей, бүлдірмей жеткізді екен?
- Әлгі сері Ожан ба?
- Сол, сол! Өзі де, марқұм, қасиетті адам екен-ау. Көзінің тірісінде жоқ-жітікке малын таратып беріпті дейді. Сонда көп малды таратып бергенше, ылғи күн батып, қас қарайып кете берсе керек. Сонда, жұрт: «Ожанның малы таратуға жеткенде, құдайдың күні қарай тұруға жетпеді» дейтін көрінеді! Сонау әулиелердің қасына апарса апарғандай-ақ сері ғой!
- Ойпырм-ай, мен де естіп ем, өзі кемі айшылық жер шығар-ау!
- Оу, Қожа жасауы дегенің қай жасау, қай қожа?
- Қай қожа екенін қайдан білейін, көп қожаның бірі шығар.
- Ә-әй, мұның айтып тұрғаны Түркістандағы Хожа Жассауғи зираты да!
- Е, солай демейсің бе?
- Оны Әулие Әзірет Сұлтан Зираты дейтіндері қайда?
- Е, онда Абылай мен Қаз дауысты Қазыбектің де сүйектері жатыр, – десіп, әркім шала-шарпы естіген, білгендерін сөз қыла бастап еді:
- Иә, сөзіңнің жаны бар, – деп, Жаңбыршы кеу-кеулеп кеткен жұртты басты. – Ол Ожанды жылқының терісіне қаптап апарды деседі, өзім естігенім болмаса, көрмеген ісім.
- Апыр-ай, қаптағанда қалай, тұлып қып тігетін шығар-ау!
- Иә, сүйтетін көрінеді. Ол үшін жаңа сойған жылқы терісі керек. Соған орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап тастайтын көрінеді.
- Онда жылқының есебін қалай табамыз, соғым кезі де емес.
- Жылқыны бірдеме етерміз-ау ортамыздан шығарсақ та, – деп Жаңбыршы соңғы кесімін айтты. Не де болса бүгінгі түн асықпайық. Муфтақты алдырайық, көпті көрген қария, әрі мұсылмандық рәсімді білетін адам (С. Жүнісов. Ақан Сері).
Осы мысалда аялық білімнің алатын орны ерекше. Тілдесушілер жадыда сақталған аялық білімнің нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асыра алып отыр.
Жамырай сөйлеу қатысымды жеңілдетіп, сөйлеушілердің алдына қойған сөйлесім мақсатының, түпкі ойдың жүзеге асуына ықпалы күшті болады. Бұл сөйлесім актісінде барлық сөйлеушілердің араласуымен ортақ мақсат шешіліп, жадыдағы сақталған тілдік ақпараттар жаңғырып қана қоймай, жаңа хабарлармен де толысқанын көруге болады. Жамырай сөйлеуде сөйлесушілерге тақырып ортақтығының болуы маңызды. Тақырыптың ортақтығы тема мен реманың өрілуінің көзі болып саналады.
Көрші-қолаң, бала-шаға мені қоршап алды.
- Кәне, қарағым, көзіңді көрсетші.
- Операцияны қай жеріңе жасады?
- Әй, өзі бұрынғыдан үлкейіп, әдеміленіп кетіпті, былай қара!
- Батыр-ау, өзінің тіккен орны да білінбейді ғой, – десе, енді бірі:
- Ой, тұра тұршы. Бәрінен бұрын операция қалай болады екен, соны айтшы, – дейді ( С. Жүнісов. Ақан Сері ).
Сөйлеушілердің білім қорының аздығынан немесе аялық білімнің жоқтығынан тақырыптан ауытқуды байқауға болады. Мұндай жағдай тек білім қоры ғана емес, түрлі жағдайлардың әсерінен де болады. Жоғарыдағы мысалда әңгіме көз туралы. Тек екінші сөйлеуші жағдаяттан нақтылы хабардар емес (Операцияны қай жеріңе жасады?). Көзге жасалған операцияны және көздің операциядан кейінгі жағдайы қатысымның өрбуіне арқау болып тұр.
Жамырай сөйлеуде тақырыптан ауытқу қалыпты жағдай. Мәселен, сөйлеушілер бір нәрсе туралы айтып келе жатып келесі бір тақырыпқа ауысып кетеді. Біраз уақыттан соң сол тақырыпқа қайта оралулары да немесе оралмаулары да мүмкін. Мұндай жағдайда тема мен реманың да актуалдануы бірқалыпты болмайды. Оны көбіне ауызекі сөйлесім тілінен жақсы байқауға болады.
Жамырай сөйлеудің бір ерекшелігі – теманы ремаға тарқатып беруі. Оны мына мысалдан байқап көруге болады:
Ақан сері де Көбен бидің көлденең ойын дәл түсінгендей жатақтарға айнала шолып қарап алды да:
- Ал, ағайын, кім де-кім әкейден дүние-зат, ол-пұл алып қарыздар болса, кешірімді! – деп Мұхаммет кеткен жаққа қарады. Мұхаметтің қасында Рамазан да тұр екен. Екеуінің де өңі келмей, долырып, күйіп тұр екен. Ағалары қарағанда ұнатпай, сырт айналып, ағаш арасына қарай сүңги беріп еді, Ақан Рамазанды тоқтатып алды. – Әй, Рамазан тұра тұр. Сіздерге бұл қарызды кешіруші мен емес. Мен бар болғаны әке аманатын орындаушымын. Әлгі Мұхаммет жоқ еді (Ақан оны ұялтайын деп әдейі арашалады). Рамазан болатын. Солай емес пе, Рамазан! (Рамазан салғырт қана басын изеп, жыларманға келіп бұрылып кетті). Әкем марқұм өлерінен бір ай бұрын бізге енші бөліп, әлгі қарыздарды ешкімнен алмаңдар, өздеріне айтыңдар, бәрін кештім деп еді.
Жұрт тағы да гу ете қалды. Қолы қысқа жандар қуанысып, кейбірінің көзіне жас үйірілді.
- Жарықтық-ай!
- Топырағы торқа болсын!
- Апырм-ай, қаншама пұлды кешкені-ау!
- Түһ, мына бір арқаны кеңітер жақсылық болды-ау! Жатқан жерің кең болғыр!
- Ой, жарықтық о дүниеде жұмақтың төрінен кетпе!
- Қашан өлгенше бетімнен отым шығып жүруші ем.
- Оу, мен үш рет қарыз алдым-ау.
- Не деген кең адам еді, топырағың торқа болғыр!
- Құдай да жақсыны қоя ма, – дескен Қорамса атына жаудырған алғыстар қалың нөпірдің әр тұсынан естіле беріп араның ұясынша гуілдеп, ұзақ уақытқа дейін бір-бірімен бас шұлғыса сөйлесіп кетті (С. Жүнісов. Ақан сері).
Тақырып біреу, ортақ бір адамды сипаттап, алғыс айтуда. Бұны мынандай схемаға түсіруге болады (5-суретке қараңыз):
Сурет 1 – Полилогтағы сөйленімнің актуалдану схемасы
Бір қарағанда сырт тұлғасы екеуара сөйлесуге ұқсайтын жамырай сөйлеу түрлері де бар. Ол сөйлесушілердің қойған сауалдарының жауабының болуынан көрінеді.
....Аттанар жақ қара санына басқан көмескі көз таңбаға тесіле қарап, бұл жалпы арғындардың таңбасы екенін ажыратқанмен әркім өзінше әр жорамал айтып, қай елдің меншікті малы екенін тап басып танитын ешкім шықпады. Айыл-тұрманы берік, жеңіл қозықұйрық ерден бір белгі тауып айыру қиын.
- Бұл маңның жылқысына ұқсамайды.
- Тегі алыс жақтан жүрген жолаушы болса керек.
- Әлде көкпар тартысып жүріп жығылды ма екен бейбақ?!
- Қой, онда басқа көкпаршылар соншама көз жазып қалмаса керек еді ғой.
- Қасқыр қуып келе жатып жазым болды ма?
- Мына қара қатқақта кім қасқыр қуушы еді, ессіз біреу болмаса...
- Е, кім біледі, жолда кездесіп қалса...
- Не де болса бұл тегін адам емес. Мұнда бір гәп бар: аттан құлайтын адамның сиқы көрінбейді, – дескеннен басқа, дөп басып сәуегейлік айта қоюға ешкімнің батылы бармайтын секілді (С. Жүнісов. Ақан Сері ).
Жамырай сөйлеудің ойды жеткізудегі еркіндік, жағдаяттылық т.б. ерекшеліктерін қарай отырып, тікелей ауызекі сөйлеу тіліне тән табиғатын көруге болады. Полилогты түрлі сипатта талдаса, сөйлесім синтаксисінің мәні ашыла түсері анық.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1969. – 606 с.
- Сыдықовтың Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні. – Алматы, 1998. – 164 б.
- Аташев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуальді мүшеленуі. – Филол. ғылымд. канд. дисс. – Алматы, 1995. – 143 б.
http://netref.ru/mazmni-sabirova-z-satbekova-a-a.html?page=3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?