Гендік өзгеріске ұшыраған ағза. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: | Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | 7 Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) | 7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. ӘТН2.Орфоэпиялық норма | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. Гендік модификация — биотехнологиялық жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Қазір ГМО-ны Қытай, Жапония, Корея, АҚШ сынды елдер өндіреді және мұндай өндіріс жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. Бірақ гені өзгерген өнімді тұтынушының ағзасында өзгеріс болмайды деген кепіл жоқ | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ дағдысын қолдану | Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібін ұғындыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, химия, қоғам | ||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға тақырыпты болжатуға бірнеше суреттер беріледі. Сұрақтар:
Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелер белгіленеді. | Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | Мағынаны тану кезеңі. Тыңдалымалды тапсырма. Тыңдалым материалын тыңдады, тыңдалым бойынша ұсынылған тұжырымдардың факті немесе көзқарас екенін ажыратады. Ойын дәлелмен жеткізеді.
Тыңдалым көрсетіледі. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. 1-топтық тапсырма. Әр топ өз тарапынан Гендік модификация немесе өзгеріске ұшыраған тағамдардың қолданысының маңызды мәселелерін анықтайды және оқушылар «ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар зиянды ма?» тақырыбында көтерілген мәселені «Фишбоун» белсенді оқыту әдісімен талдайды. Басы – мәселе Қаңқалары – мәселені шешу жолдары Құйрық – шешімі, қорытынды Жаһандық азаматтық Қазір ГМО-ны Қытай, Жапония, Корея, АҚШ сынды елдер өндіреді және мұндай өндіріс жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. Бірақ гені өзгерген өнімді тұтынушының ағзасында өзгеріс болмайды деген кепіл жоқ.Толығырақ:http://massaget.kz/blogs/10849/2-тапсырма. «Бес жолды өлең» 6 мин+5 мин. Әр оқушыға тақырыпқа қатысты 1-1 сөз беріледі. Мысалы: Өнім, гендік өзгеріс, ұшыраған тағамдар, гендік модификация т.б Тапсырманы айту барысында интонация, кідірісті түсініп қолданады. 3-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау. Әр топ өз тарапынан Гендік модификация немесе өзгеріске ұшыраған тағамдардың қолданысының маңызды мәселелерін анықтайды және оқушылар «ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар зиянды ма?» тақырыбында репортаж жазады. Көлемі 100-120 сөз. Қосымша ақпарат Интонация — маңызды тіл құралы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әр түрлі мағына береді. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашылықтарын береді; сөйлеушілердің көңілкүйін, олардың әңгіменің тақырыбына, бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді. Интонация арқылы негізгі қатынастық мағыналар: байлам, сұрақ, таңдану, ынталану білдіріледі. Интонация ауызша сөзді жазба сөзден ерекшелендіреді, оны байытып, әсерлендіріп, оған қайталанбас дербес сипат береді. Ауызша тілде интонация: — фразаның соңын; — оның аяқталғанын, не аяқталмағанын; — сөйлемнің қай түрге жататындығын (хабарлы, сұраулы, лепті) білдіреді.
Кері байланыс. Бағалау. | https://yandex.kz/video/search?film Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы 5 минут | Рефлексия. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? | Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жоқболса, неге? Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме? Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды