Гендік өзгеріске ұшыраған ағза. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.


Оқылым мәтіні.

Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс,симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, түтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс — салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс — көжелер; үшінші курс — негізгі ыстық тағамдар және төртінші — десерт. Бизнес-ланч мәзірі әр апта сайын өзгертілуі керек. Жексенбілік бранч мәзірі — мейрамханаларда 12—16 сағат аралығында отбасылық ас беру кезінде қолданылады. Бранч мәзіріне швед үстелі қосылады. Жеке-жеке шай үстелін, жеміс-жидекті және десерт үстелдерін ұйымдастырған жөн. Мәзірге міндетті түрде шарап немесе шампан бокалы кіргізіледі.

Қосымша ақпарат

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді.

Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бұл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.

Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті, дос-жарандар тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу