Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ: | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 4-БӨЛІМ: Сүйіспеншілік пен достық | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.О3; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату. Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 7.ӘТН1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Кеңсе құжаттарының құрылымы мен ресімделуін анықтап, ұсыныс хат жазады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері: | 7.О3: - Жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады; -Сөздердің орынды қолданылуын тексере алады; -Ұсыныс хаттың құрылымын сақтап, жаза алады. 7.ӘТН1: -Шылау мен жалғауды қатыстырып сөйлем құрай алады; | |||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Сөзіне сүйенсек; мәселен: оның себептері мынада...; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар «Сүйіспеншілік пен достық» тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын арттырды. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға достық, жолдастық, дос туралы мақал-мәтелдердің бірінші бөлігі оқылады, екінші бөлігін оқушылар тауып жалғастыруы керек. 1.Дос — ажарың, жолдас — базарың. 2.Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі. 3. Дәмді болса - достық қымбат, Мәнді болса - жастық қымбат. 4. Дос егіз, дұшпан сегіз. 5. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 20 минут 5 минут | Мұғалім оқушыларды ұсыныс хатты жазудың үлгісімен таныстырады. Ұсыныс хат мазмұны не туралы Кімге: Жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні+ барыс септігі (А.Б. Жумановқа) Кімнен: Жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні+ шығыс септігі (А.Б. Қадыровадан) Ұсыныс хат Мәселе, оның себептері Ұсыныс негіздемесі (мәселенің шешу жолдары) Дәлелдеме ( мәтіннен ақпаратты қолдану, өз пікірімен байланыстыру) Нақты ұсыныс Күні Қолы Тапсырма. Мектебімізде оқушылар арасындағы достық, жолдастық қарым-қатынасты нығайтатын іс-шаралар өткізілмейді. Осы мәселені көтеріп, мәтіндегі деректерді қолдана отыра, мектеп әкімшілігіне ұсыныс хат жазыңыз. Көлемі шамамен 120-150 сөз. Достық туралы ойлар Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Дескрипторлар
Бағалау. Оқушылар бір-бірін жұпта критерийлер арқылы бағалайды. | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: Блоб ағашы арқылы сабақ қорытындылады. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды