Ғылымға бет бұру. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 17 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С. | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғылымға бет бұру | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.3.1.ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Графиктік мәтінді оқи алады | |||||||
Бағалау критерийлері
| Деректер жинап, графиктік мәтін құрай алады | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Графиктік мәтін, тұтас емес мәтін | |||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу | |||||||
Пәнаралық байланыс | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылардың графиктік мәтін туралы түсінігі бар. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
5 минут | «Ғылыми жобалар - оқушылардың үлкен ғылымға деген алғашқы қадамы» деген ойға пікір білдіріңіз. Оқушылар КЕЛІСЕМІН, себебі..... КЕЛІСПЕЙМІН, себебі .... деп пікір білдіреді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, пікір білдіреді. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады, талқылайды. | Таныстырылым | ||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 20 минут | Жазылымға дайындық кезеңі. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты графиктік мәтінді және талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар графиктік мәтінмен танысып, ондағы ақпараттарды сұрақтарға жауап беру арқылы талқылайды. Мұғалім жұптағы оқушыларға екі түрлі мәтін ұсынады. 1-оқушының мәтіні «Ғылыммен айналысуға қашан бел будыңыз?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын бөлу нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі бұл шешімге негізгі кәсіби білім алу процесінде – 33,3%, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бел буған екен – 22,9% (1.5-кесте). Жас қазақстандық ғалымдардың өздерінің кәсіби ғылымға келуге шешім қабылдауын «мектеп кезінде қабылдауы» ең аз сандық көрсеткішке ие – 11,4%. Сонымен қатар айта кететін нәрсе, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 6,8%-дан, яғни екі есеге өскен. Респонденттердің 17,8%-ы қойылған сұраққа жауап бере алмады. 2-оқушының мәтіні «Ғылыммен не үшін айналысасыз?» деген сұрақтың жауаптары жас ғалымдардың кәсіби қызметінің мотивациялары арасында шығармашылық, белсенді азаматтық және патриоттық ұстанымдарды жүзеге асыру жолдарын іздеу сияқты мотивтердің басым екендігін дәлелдейді.
Оқушылар жұпта талқылап жауап береді. 1.5 кестедегі ақпараттарды түсіндіріңіз:
2-тапсырма. 1.7 кестеге назар аударып, ақпаратты түсіндіріңіз.
Жазылым тапсырмасы. «Сауалым бар» тапсырмасы. Оқушылар төмендегі үш сұрақтың жауабын сыныптастарынан сұрайды. Оқушылар алынан жауаптарды қорытып, графиктік мәтін құрайды. Сұрақтар.
Дескриптор
| |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды