Ғылымға бет бұру. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 17 сабақ
Жазылымға дайындық кезеңі.
1-оқушының мәтіні
«Ғылыммен айналысуға қашан бел будыңыз?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын бөлу нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі бұл шешімге негізгі кәсіби білім алу процесінде – 33,3%, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бел буған екен – 22,9% (1.5-кесте).
Жас қазақстандық ғалымдардың өздерінің кәсіби ғылымға келуге шешім қабылдауын «мектеп кезінде қабылдауы» ең аз сандық көрсеткішке ие – 11,4%. Сонымен қатар айта кететін нәрсе, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 6,8%-дан, яғни екі есеге өскен. Респонденттердің 17,8%-ы қойылған сұраққа жауап бере алмады.
2-оқушының мәтіні
«Ғылыммен не үшін айналысасыз?» деген сұрақтың жауаптары жас ғалымдардың кәсіби қызметінің мотивациялары арасында шығармашылық, белсенді азаматтық және патриоттық ұстанымдарды жүзеге асыру жолдарын іздеу сияқты мотивтердің басым екендігін дәлелдейді.
- 1-тапсырма.
1.5 кестедегі ақпараттарды түсіндіріңіз:
- Ғылыммен айналысу туралы шешімді көпшілігі қашан қабылдаған?
- Ең аз пайызға ие қай жауап нұсқасы? Оның себебі неде деп ойлайсың?
- Сенің ойыңша ақпараттар шынайы ма?
- Бұл 2012 жылы алынған сауалнама нәтижесі бойынша жасалған кесте, сенің ойыңша, биылғы жылғы жауаптар қандай болар еді?
2-тапсырма.
1.7 кестеге назар аударып, ақпаратты түсіндіріңіз.
- Жастардың ғылыммен айналысуына ең басты түрткі қандай?
- 2008 мен 2012 жылдардағы ақпаратты салыстырыңыз. (3-сөйлеммен)
- Сіз қай жауап нұсқасын таңдар едіңіз.
Жазылым тапсырмасы.
«Сауалым бар» тапсырмасы.
Оқушылар төмендегі үш сұрақтың жауабын сыныптастарынан сұрайды. Оқушылар алынан жауаптарды қорытып, графиктік мәтін құрайды.
Сұрақтар.
- Ғылыми жобамен айналысасыз ба?
- Болашақта ғылыммен айналысқыңыз келе ме?
- Сізді ғылымның қай саласы қызықтырады?
Дескриптор
- Жауаптарды талдайды
- Ақпаратты графиктік мәтін ретінде ұсынады
- Қысқа түсінік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды