Қаныш Сәтпаев. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ
1-тапсырма.
Г | Е | О | Л | О | Г | . | Ғ |
А | П | Р | Я | Қ | О | Л | А |
Б | А | Я | Н | А | У | Ы | Л |
И | Н | Ж | Е | Н | Е | Р | Ы |
Ғ | Ө | Һ | А | Ы | И | Т | М |
А | Ф | П | Р | Ш | Р | Т | И |
Б | А | Р | Л | А | У | Ш | Ы |
- Кестеде жасырылған тірек сөздерді тауып, мәтіннің атауын анықтаңыздар және атауын топта талқылаңыздар.
2-тапсырма
- «Жинақы мәтін» дегеніміз не? Ол қалай жазылады?
- Жинақы мәтін жазу үшін алдымен неге назар аударылады?
- Жинақы мәтіннің жазылуы түрлерін топта талқылау арқылы еске түсіріңіздер.
3-тапсырма
Жазылым тапсырмасы
- Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпараттарды белгілеңіздер
- Қосымша ақпараттарды сызыңыздар.
- Мәтінді екінші рет қайта оқып, жинақы мәтін жазыңыздар.
Түпнұсқа мәтін | Жинақы мәтін |
Қаныш Сәтпаев Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің естелігінен мына бір жолдарды келтіре кетсек артық болмас: "Қаныштың бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де, тарихшымен және тілші-әдебиетшімен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білуі...” – деп жазыпты ол. Бұны тілге тиек етудегі ойым кемеңгер ғалымның "сегіз қырлы бір сырлы” екенін аузы дуалы адамның сөзімен нықтай түсу десем, бұған қоса ол домбыраға қосылып ән айтып, мандолинада еркін ойнайтын әрі әндер тарихын жетік білетін. Содан да ол 1926 жылы А.В.Затаевичтің өтінішімен Мәскеуде домбырамен сүйемелдеп, Баянауыл өңірінің 25 әнін жаздырған. Қаныш ағаның осы еңбегін жоғары бағалаған Қазақстанның халық әртісі А.В.Затаевичтің өзі былай дейді: "Томскінің технологиялық институтында білім алған Қаныш Имантайұлы жас қазақ инженері. Осы жинақ үшін тек әндер мен әуендер саласында ғана емес, сондай-ақ мәтіндері жөнінде де бірқатар құнды деректер берген, мәтіндерді орысша аудармасымен қамтамасыз еткен, Баянауыл әндерінің тамаша білгірі және жақсы орындаушысы...” Болатбек МҰЗАФАР, "Руханият” тарихи зерттеулер ғылыми-практикалық орталығының маманы |
4-тапсырма.
- Жазған жұмыстарыңызбен топта бөлісіңіздер.
- Бір-біріңізді тексеріп, бағалаңыздар.
ДЕСКРИПТОРЛАР:
- оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілейді;
- қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді сызып тастайды;
- жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
- жинақы мәтін жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды