Көмектес септік. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 79 сабақ
79-сабақ.Табиғат құбылыстары
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Көмектес септік.
№1. Мәтінді мұқият тыңда.
Бұл ағынсыз тұйық көл болатын. Балалар көл жағасына демалуға барды. Олар суға шомылды. Күнге қыздырынды. Өздерімен бірге әкелген қарбыздарын жеді. Қарындары тойған балалар қарбыз қалдықтарын суға лақтырып ойнады. Мұны көрген үлкендер ескерту жасады. Олардың ескертпесін тыңдамай, балалар бірін-бірі қуалап, ауылға қарай жүгіріп бара жатты.
«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» кітабынан
№2.Мәтін бойынша көтерілген мәселеге өз қөзқарасын мынадай белгілермен білдір:
маған таныс
+ мен үшін жаңа
- мен білетін түсінікке сәйкес келмейді.
Сөйлемдер | Белгі қою | |
1 | Бұл ағынсыз тұйық көл болатын. | |
2 | Балалар көл жағасына демалуға барды. | |
3 | Олар суға шомылды. | |
4 | Күнге қыздырынды. | |
5 | Өздерімен бірге әкелген қарбыздарын жеді. | |
6 | Қарбыз қалдықтарын суға лақтырып ойнады. | |
7 | Үлкендер ескерту жасады. | |
8 | Олардың ескертпесін тыңдамады. |
№3. Берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. Кіммен?Кімдермен? Немен?Нелермен?
Мұхиттар теңіздермен жалғасып жатыр.Тоғжан Сәулемен тез достасып кетті. Марат театрға атасымен келді. Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. Олар пойызбен кетті
Септіктер | Сұрақтары | Жалғаулары | |
1 | Атау септік | Кім? Не? Кімдер? Нелер? | - |
2 | Ілік септік | Кімнің?Ненің? Кімдердің? Нелердің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің |
3 | Барыс септік | Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда? | -ға,-ге,-қа,-ке |
4 | Табыс септік | Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? | -ны,-ні,-ды,-ді, -ты,-ті |
5 | Жатыс септік | Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде?Қайда? | -да,-де,-та,-те |
6 | Шығыс септік | Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? Қайдан? | –нан –нен -тан –тен –дан –ден |
7 | Көмектес септік | Кіммен?Кімдермен? Немен?Нелермен? | -пен,-бен,-мен |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру