Көмектес септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 79 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 79-сабақ. Тақырыбы Көмектес септік | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | •Тыңдалған материал бойынша пікір айтады. • Зат есімдерді септей алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Барыс септік.Табыс септік. Жатыс септік. Шығыс септік.Көмекте,с септік. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Ағынсыз тұйық көл қандай көл? -Көмектес септігінің жалғаулары қандай? -Қандай сұрақтарға жауап береді? | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз оййын білдіруде әдеп нормаларын сақтауға баулу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің септелуі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Ұйымдастыру бөлімі. Орфографиялық минут. 1. Түнде көлде... (н/ң) су алма. 2. Түнде көлді... (н/ң) беті ақшыл көк түске боялды. 3. Апам дастарқанны.... (н/ң) бетін сүртті. 4. Ешқашан дастарқанна... (н/ң) аттама. Оқушылар алдымен сөйлемді оқиды, қарамен жазылған сөзге сұрақ қояды. Н мен ң әріптерінің жазылуына мән беріледі. Септік жалғауларында тек ілік септігінде ғана ң әрпі жазылады. Жазу каллиграфиясын сақтай отырып, дұрыс көшіріп жазады. - Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут | (Ж.Т) 4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру. Бұл ағынсыз тұйық көл болатын. Балалар көл жағасына демалуға барды. Олар суға шомылды. Күнге қыздырынды. Өздерімен бірге әкелген қарбыздарын жеді. Қарындары тойған балалар қарбыз қалдықтарын суға лақтырып ойнады. Мұны көрген үлкендер ескерту жасады. Олардың ескертпесін тыңдамай, балалар бірін-бірі қуалап, ауылға қарай жүгіріп бара жатты. «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» кітабынан 1-қадам. Оқушылар аудиожазбадан мәтін тыңдайды. Олар аудиожазбада көтерілген мәселеге қатысты өз ойын білдіре отырып, мазмұнын бағалау қажеттігі тапсырылады. Тапсырма «Түртіп алу» әдісі арқылы жүргізіледі. 2-қадам. Оқушыларға жеке орындайтын кесте беріледі. Мәтін бойынша көтерілген мәселеге өз қөзқарасын мынадай белгілермен білдіреді: маған таныс + мен үшін жаңа - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді.
3-қадам. –Сендер үшін жаңа не болды? - Ағынсыз көлдер деген өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайтын көлдер,көбінесе, суы ащы келеді. - Түсінікке сәйкес келмейтін қай сөйлем? - Балалардың қарбыз лақтырып ойнауы, үлкендердің ескертпесін тыңдамау. - Балалар неліктен олай істеді деп ойлайсыңдар? 4-қадам. Әр топқа тапсырма беріледі. Мәтінді қалай аяқтар едіңдер? 5-қадам. Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзара бағалаумен жүзеге асады. 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма. Оқушылар оқулықтағы 69-жаттығуды орындайды. Сөйлемдерді ауызша талдайды. Мұхиттар теңіздермен жалғасып жатыр.Тоғжан Сәулемен тез достасып кетті. Марат театрға атасымен келді. Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. Олар пойызбен кетті. 1-қадам. Берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табады. Кіммен?Кімдермен? Немен?Нелермен? 2-қадам. Жалғауларын айтады. 3-қадам. Мұғалім көмектес септік екенін айтады. Сұрақтары – Кіммен?Кімдермен? Немен?Нелермен? 7.Көмектес септік Жалғаулары -мен, -пен, -бен 2-тапсырма. Оқушылар сөйлемді дұрыс құрастырып жазу керек. 1.Араны ағашпен кестім.(Арамен ағашты кестім.) 2.Телефон Айжанмен ұзақ сөйлесті. (Айжан телефонмен ұзақ сөйлесті.) 3. Балшықты үйдің қабырғасымен сыладым. (Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.) 4.Гүлді көшемен безендірді. (Көшені гүлмен безендірді.) 5.Әсет желімді қағазбен жапсырды. (Әсет қағазды желіммен жапсырды.) Дескриптор: - көмектес септігіне жалғауларды дұрыс жалғайды; - ол сөздерге сұрақ қояды. Қалыптастырушы бағалау өзара және мұғалім бағалауымен жүзеге асады. | Аудиожазба Слайд Дидактикалық материал Дидактикалық материал Слайд Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. -Сабақта қандай тапсырмалар орындадың? -Қай тапсырманы орындауда қиындық келтірді? -Қай тапсырма жеңіл болды? Үй тапсырмасы 72-жаттығу. -сөздерді оқу; -тек көмектес септігіндегі сөздерді теріп жазу. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру