Қазақ тілі және әдебиеті_3 сынып_5-бөлім Өнер_Атақты тұлғалар туралы жазу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Өнер

Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атақты тұлғалар туралы жазу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.3.4.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің қолдауымен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу

3.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

3.4.2.4 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

 Сабақ

 мақсаттары

Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру, тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу.

Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру, негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады;
  • Тірек сөздерді пайдаланып, мазмұндама жазу;
  • Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзетеді және шағын мәтінді жетілдіреді.
  • Туынды сөз жасау арқылы сөз мағынасын ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Атақты тұлға, ком

Құндылықтардыдарыту

Жауапкершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Атақты тұлғалар туралы оқу

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

0-8 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жағымды көңіл күй орнату.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

(МК,Ұ)

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

-Балалар, осы айтылғанды қалай түсінесіңдер?

-Автор бізге тілдер туралы не айтып отыр?

-Сендер автормен келісесіңдер ме?

-Көп тілді білудің қандай маңызы бар?

-Сендер қай тілдерде сөйлей аласыңдар?

(Ұ) Сабақтың тақырыбын анықтау.

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.

Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін тыңдату.

- Балалар, біз не тыңдадық?

- Ән не туралы?

- Ән жазатын адамды кім дейміз ?

- Бұл әннің авторы кім деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін анықтау.

Слайд

«Ана туралы жыр» әні

Сабақтың басы

8-17 минут

17-20 минут

20-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

) «Тарих беттерінен» айдары

Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың өмірі жайлы ақпарат жинақтау. Мәтінді бөліктерге бөлі, ат қою.

(15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991). 

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді.

1950 жылдан бастап шығармашылықпен айналысқан. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында жатыр.

Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам уақыт ішінде Ш.Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Халық арасында «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып синоним болып кеткен...

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық артисі атағын берген.

1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды.

Әрбір топқа мәтін таратылады. Оқушылар берілген мәтінді оқып, бөліктерге бөледі, әрбір бөлікке ат қояды.

  • Балалар, мәтін кім туралы болды?
  • Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Неліктен?
  • Ш.Қалдаяқов туралы не білдік?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Топтар арасында орындаған жұмысты салыстыру, ортақ шешім шығару арқылы жалпыға ортақ жоспар құру.

(Ө, Ұ) «Сен маған-мен саған»

Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша жоспарға сәйкес реттілікпен нақтылау және пікір білдіру сұрақтарын құрастыру, жауап беру. Мәтін мазмұнын түсінгендігін нақтылау.

Тапсырма: Жоспарды негізге ала отырып, мәтін бойынша нақтылау немесе пікір білдіру сұрақтарын құрастыр.

/Оқушылар сұрақ құрастырып, жауап береді, қажеттілігне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізеді/.

Берілген тапсырманы баланың деңгейіне сәйкес қолдануға да болады.

Бір топқа нақтылау сұрақтарын, екінші топқа пікір білдіру сұрақтарын құрастыруға тапсырма беру.

(Т,Қ)Мәтіннен кейінгі жұмыс

Тапсырма: жоспар бойынша мазмұндама жазу.

Оқушылар жазған мазмұндамаларын «Галерея» әдісі бойынша келесі топпен алмастырады. Өзара тексереді. Топтар бір-бірін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды. Кері байланыс жасалады.

(Ө) Қатемен жұмыс.

Мақсаты: қатемен жұмыс жасау, сөз құрамына талдау, туынды сөздерді анықтау.

Тапсырма: Сөйлемдегі қатені түзеп, көшіріп жаз.

Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талда.

Шәмші Қалдаяқов көрнекті сазгер, ән жанырының әйгілі майталман, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замаңғы қазақ эстрадасынын негізін салыушылардың бірі, Қазақстанның халқ артисі.

Мәтіндегі қатені тауып, тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді. Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды. Ұжыммен тексереді, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.

(Ұ) «Әнді сүйсең, менше сүй»

Оқушылар ұжыммен «Ана туралы жыр» әнін орындайды.

Слайд

Мәтін терілген қима қағаздар, Ш.Қалдаяқовтың суреті

Постерлер

Дәптермен жұмыс

Слайд

Бейнежазба

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

-Мен сабақта ________________________білдім.

-Сабақта ___________________________ үйрендім.

Бағалау

Үйге тапсырма: Атақты тұлға жайлы презентация дайындау.

Бағдаршам түрлі түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды

меңгеру

деңгейін

тексеру

жоспарыңыз?

Денсаулық

және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

  • Мәтін бойынша тапсырмаларды дифференциациялау.
  • Мәтін бойынша тапсырмаларды орындауын бағалау.

Сандық техникаларды қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу