3сынып__Өнер_ Презентация


Қазақ тілі

3 -сынып

5бөлім «Өнер»

16-сабақ Өнерлінің қолы алтын. Презентация жазу

(ҚАЗАҚ ТІЛІ. Оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы)

 

Бағалау критерийлері:

Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларының қолдану арқылы презентация құрастырады

Негізгі, туынды зат есімдерді қолданады

Психологилық ахуал

Мұғалімнің сұрағы:

1. Әрбір адам?

2. Әрбір сабақ?

3. Әрбір ісің?

4. Әрбір сөзің?

Оқушылардың жауабы:

1. Туысым, досым, бауырым

2. Үйрену, ұғу, ұлағат

3. Тірлік, тірек, адамдық

4. Шындық, бірлік, адалдық

 

Өткенді пысықтау

(Ж.Ж. М.К) «Сағат дос » әдісі

Оқушылар дәптеріне сағаттың суретін салады. Негізгі қажетті уақыт 12:00, 15:00, 18:00, 21:00 Сыныпты аралай жүріп қай уақытта кіммен кездесетінін жазады. Кездесетін оқуыш қайталанбау керек.

Мұғалім әр уақытты айтқан кезде, оқушылар бір-бірімен жұптасады.

Жұпта талқылайды: Үйге берілген тапсырманы талдау. (Өнер түрлері тақырыбына сурет/фотосуреттер, қанатты сөздер, мақал, жұмбақ, өлең жинастырып келу.)

12:00 Өнер туралы суретті талдау

15:00 Өнер туралы мақалды талдау

18:00 Өнер туралы жұмбақты талдау

21:00 Өнер туралы өлеңді талдау

3.4.2.2 (Ұ )1-тапсырма «Көңілді қалпақ» ойыны

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім әнді қосқан

кезде, оқушылар қолдарындағы қалпақты шеңбер бойындағы балаларға кезектесіп кигізуі тиіс. Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің қолында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді.

3.4.2.4 (Ж ) 2-тапсырма «20 сөз» әдісі

Оқушылар тек қана туынды зат есім жазу керек, басқа ешбір сөз жазуға болмайды.Кестені толтыру.

3.3.4.1 3-тапсырма (Т.МК)

Түстерді таңдау арқылы топтарға біріктіру.

Түрлі өнер түрлері бойынша презентация құрастыру және оны сыныптастарының алдында қорғау.

Презентацияларын қорғап сөйлеуінде тәуелдік жалғаулы және туынды зат есім сөздерін қолдану.

1-топ «Қызыл түс» Зергерлік өнер туралы

( Алқасы, білезіктері, сырғасы т.б)

2-топ «Жасыл түс» Сурет өнері туралы

( Қылқаламы, бояуы, түстері т.б)

3-топ «Сары түс» Ағаш өнері туралы

( Ағашы, домбырасы т.б)

Рефлексия:

«Бір минуттық жазба» әдісі

Оқушылар нақты бір сұраққа бір минут бойы жауап жазады.

Бүгін үйренгендеріңнің ішіндегі ең маңыздысы не болғаны жайында бір минут бойы жазба жазыңдар.

Жазғандарын оқытып шығу.

Үй тапсырмасы:

Өнер сөзін жекеше және көпше түрде тәуелдеп жаз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу