3. Қазақ тілі_3сынып_3_бөлім_Уақыт_№13. Өмірбаян жазу Дидакт. материалдар


Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №13.Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын

Қосымша № 1

Ұтымды жауап

 Болашақ суретші сегіз жасынан бастап ауылдың қойы мен сиырын бақты.Ол жан-жануарлардың, өсімдіктер мен ағаштардың түрі мен түсін танып өсті.Қойшы бала қойын жусатып тастап,өзен жағалап,тау аралап кететін.Тастан мүсіндер жасайды, тасқа түрлі суреттер салады.

 Талабы таудай бала бір күні:«13 жыл қой бақтым. Енді оқимын, таяқ қуат болса да,мұрат емес»,-деп ақ таяғын лақтырып тастап, Жаркентке жаяу кетеді.

 Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын-тебен табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алатын.Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде, оқу іздеп Алматыға жол тартады.Оның небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Николай Гаврилович Хлудовқа салған суреттерін көрсеткенде, ол қазақтың қара домалақ баласы мұндай өнерден хабары бар екеніне қайран қалыпты. Сурет салуды қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:«Таудың бұлағынан,Қойдың құлағынанАнамның киізінен,Ешкімнің мүйізінен», - деп жауап берген екен.

Өмірбаян

Мен, Әбілхан Қастеев, 1904 жылы Алматы облысының Жаркент өңіріндегі Шежін аулында дүниеге келдім. Әкем – малшы. Шешем – кілем, алаша, бау-басқұр тоқыған, сырмақ сырған шеберадам.

Еңбек жолымды 1928 жылдары Түрксібте қара жұмыстан бастадым. Жас кезімнен білімге құштар болып, өз бетіммен арабша, кейіннен латынша оқу- жазуды үйрендім. 25жасымда Алматыға келіп, өзімнен кіші балалармен ересектерге арналған кешкі мектепте оқыдым. Мектеп директоры менің бейнелеу сабағына көбірек қызығатынымды байқап, жас суретші Николай Хлудовқа таныстырды. Оның студиясында1929-1932 жылдары оқыдым. Содан кейін білімімді 1934-1937 жылдары Мәскеудегі Крупская атындағы көркем сурет студиясында жалғастырдым. Менің  1932 жылы «Түрксіб», 1937 жылы «Жамбыл портреті» 1945 жылы «Жас Абай» атты өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген шығармаларым дүниеге келді. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алдым. 1945-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқардым. Өнерден бөлек оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен деайналыстым.

Қосымша №2

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962–1971 жылдары «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1981 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983–1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, 1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды

1. 1936ж-

2.1959ж-

3.1962-1971ж.ж-

4.1971-1981ж.ж-

5.1984-1983ж.ж-

6.1983-1991ж.ж-

Қосымша № 3

«Не? Қашан? Қайда?» әдісі

1.Туған жылы, айы,күнің

2.Ата-анасының аты-жөні

3.Мектепке дейінгі кезеңдерің

4.Мектепті оқып бастаған жылың



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу