2 .Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_1-тоқсан жиынтық бағалауы_Презентация
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
1-тоқсан
Сабақ тақырыбы: тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)
Құрастырған: Каирова К.У.
Жиынтық бағалау мақсаты
Бүгінгі сабақ тоқсан бойынша өткен оқу мақсаттарына қол жеткізуімізді тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталады.
Тексерілетін оқу мақсаттар:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
- өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
- тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
- мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау;
- қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Тапсырманы орындау ұзақтығы – 40 минут. Жалпы балл саны – 16.
Тәртіп ережелерін еске түсірейік!
Нұсқаулықты мұқият тыңдау
ТЖБ-ды бастамас бұрын түсінбеген сұрағын қойып алу.
Өзара көмек сұрамау
Дұрыс емес жауап белгіленсе, қарындашпен сызып көрсету
Тыңдалым материалы бойынша қандай тапсырмалар орындау талап етіледі?
1.1 Тірек сөздерді белгілеу
1.2 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтың жауабын жазу.
1.3 Диалог құру (парталас оқушылар)
1-тапсырма. Тыңдалым және айтылым
Нұрлыбек ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап асырады. Оған Ақтөс деп ат қойды. Бауырын жаңа көтерген күшік тәлтіректеп жүгіріп, тіпті шәуілдеп үретін. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы күшік болды. Ол Нұрлыбекке әбден бауыр басып алып, қасынан бір елі қалмайтын. Есік алдындағы тауықтарды қуып, балаша ойнайтын еді. Нұрлыбек оған мәз болатын.
Сабақта апайы:
– Үйде жануардың суретін салып келіңдер, – деп тапсырма бергенде Нұрлыбектің есіне бірден күшігі түсті.
Үйге келе сала Нұрлыбек қолына қағаз-қарындашын алып, өз бөлмесіне кіріп кетті.
Сәлден соң:
– Әже, Ақтөстің суретін салдым! – деп жүгіріп шықты.
Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да, суретке қызыға қарап:
– Шынында да, аумайды екен, – деді.
2.1 Мәтінді оқу. Мәтіннің түрін анықтау.
2.2 Мәтінге ат қою.
2.3 Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгілеу
3-тапсырма. Жазылым
3.1 Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Қаратпа сөздердің астын сызу.
3.2 Мәтіндегі тағы қай сөйлемді қаратпа сөзбен толықтыруға болады? Бір сөйлемді қаратпа сөзбен толықтырып жазу.
2-тапсырма. Оқылым
Орындалған жұмысты тапсыруға 5 минут қалды
Нұрлыбекке немесе Болжанға қандай сұрақ қояр едің? Кейіпкерге арнап 2 сұрақ құрастырып жазу.
Үйге тапсырма
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?