Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_4-сабақ Мәтін_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

ЖАНДЫ ТАБИҒАТ

Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін

№4 сабақ

МӘТІН

Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған: Каирова К. У.

Бағалау

критерийлері

- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер негізінде мәтіннің мазмұнын болжай алады;

- тірек сөздер мен көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтай біледі;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады

Ассоциативті

қатар

Композициялық

бөліктері

Бос торкөздерге әріптерді сан ретімен орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқы

1 2 3 4 5 6

Т Ғ О А Р Й

Қоян

Су бойында жайылып жатқан қойлар қастарында зымырап өте шыққан қояннан үркіп тас талқан боп қашады...

- Менен де қорқатын хайуанаттар бар екен- ау,- деп көңілі орнына түседі. Кетпей, қайтадан орнына оралады...

Қоян күндегі әдеті бойынша ініне қашып кіреді. Әркім қуа бергеніне қорланып, ол қатты ыза болады.

- Мен көрінген нәрседен сескенем. Бүйтіп әркімнен бір қорқып жүргенше, тезірек аулаққа кетіп қалайын деп тұра кеп жөнеледі...

Ертегідегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды тауып жаз.

1. Сақтықта қорлық жоқ.

2. Қорыққанға қос көрінер.

3. Жақсы сөз-жарым ырыс.

ЕРТЕГІ

бөліктерін қалпына келтір

Өздік диктант

Арнұр (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп екен. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.

Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет

Рефлексия:

Үй тапсырмасы

Бұл қандай мәтін? _________________________________________

Қамқорлық

Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба алмады.

Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады.

Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу