Әріптер, сөздер, емле және грамматика_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:10.02.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әріптер, сөздер, емле және грамматика

Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (ертегі)

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды.

 Сабақ

 мақсаттары

Т/А4 Астарлы мағынаны болжау

О1 Ақпаратты түсіну

Ж4 Өз ойынан мәтін жазу

Жетістік

критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • өз идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін сөздерді орынды қолдана алады.

 Сөздік қор

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті,ертегі мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану,ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім оқушылардың 5-бөлімдемеңгерген білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдердің мазмұнын айтып және өздігінен сөйлемдер құрастыруды білуі тиіс.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Жарқыраған күндейміз

Ренжісуді білмейміз!

Өткенді пысықтау

- Балалар тақтаға назар салайықшы күн қандай болып тұр? Күн бұлттанғанда ауа райы қандай болды?

Оқушылардың жауабы: күн суық болады, жаңбыр жауады, біз тоңамыз.

- Балалар сендер күннің ашылғанын, күннің жылынғанын қалайсыңдар ма? Ендеше, бұлтты күннің бетінен ыдырату үшін өткен сабақ бойынша білімімізді ортаға салайық.

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар:

  • Құмырсқа қандай жәндік?
  • Құмырсқаға сипаттама беріңдерші?
  • Қанағат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Оқымысты құмырсқаға неге риза болды?
  • Сен өзің құмырсқаның орнында болсаң не істер едің?

    

Суреттер, видео,

тірек сөздер

«Ой қозғау» Қарлығаш туралы ән тыңдау

- Балалар, ән не туралы? (Қай дыбыстан басталып тұрғанын айту, буынға бөлу.)

Балалар, қарлығаш қандай құс? (проблемалық сұрақ)

Қарлығаш қандай құс? (Адамның досы,қыздың аты,қайрымды)

Тағы қандай құстарды білесіңдер?

Мұғалім:.Қарлығаш жайында не білеміз? ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Балалар бүгін біз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісімен танысамыз

Ертегі желісі бойынша слайдтар көрсете отырып, ертегі мазмұнымен таныстыру

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып, ұшып алайық.

Ертегі мазмұнын ашуға байланысты сұрақтар

1. Айдаһар қандай күйге тап болды?

2. Оның ауруына ем тапқан кім және қандай ем тапты?

3. Айдаһардың ауруына ем болатын қанды кім іздейді?

4. Айдаһар неге қанды іше алмады?

5. Ашуланған айдаһар не істеді?

Дұрыс балалар, содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.

Ертегіде қай кейіпкер ұнамады, неге?

Ертегідегі қай кейіпкер сендерге ұнады, неге?

Шығармашылық тапсырма

Дұрыс балалар, адамға дос, нәзік, мейірімді қарлығашты әдемілеп бояп көрейікші кімнің қарлығашы әдемі болар екен.

Балалар, ал енді жұмбақ шешейік?

  • Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады (қарлығаш)

2. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй салады. (...........)

3.Түсі суық ызғарлы, Аузында айыр бізі бар. (..........)

4. Өзі айлакер,өзі бір қу Жүрген жері айқай да шу. (..........)

5. Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,

Әркімге қонақ болып бір барады.

Барлығы мақұлықтан ығыр болып,

Дауысын естігендер зар қағады. (.........)

Дәптермен жұмыс.

Қарлығаштың жыл құсы, ол ұясын үйдің шатырына, сарай төбелеріне салады.

Мәтінмен жұмыс

1.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?ертегіні оқу

2.Ертегіні әңгімелеу.

3.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісін көрсету

http://kivvi.kz/watch/f4m79cbnhuum/

Топпен жұмыс.

1-топ. Айдаһар туралы постер жасайды

2-топ. Түлкі туралы постер жасайды

3-топ. Маса туралы постер жасайды.

4-топ. Қарлығаш туралы постермен жұмыс жасау.

Көрген ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру

Сабақтың

соңы

Қорытынды

Ертегі желісіне байланысты деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту

Айдаһар

Түлкі, маса

Қарлығаш

1.Біз бұл ертегіден көңілімізге не түйдік?

2. Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс жазу.

- Не білдік? Не үйрендік? Не білгім келеді?

Үйге тапсырма: Осы мәтін бойынша А4- сурет салу

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгін сабақта белсенді болдым, өйткені...

Маған сабақта қиын болды, өйткені..

Мен сабақта түсінбедім, өйткені...

Келесі сабақта ...

Бүгінгі  сабақтан  алған  әсерін, жетістігін  айтып, өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  беру.

Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу