Әріптер,сөздер, емле және грамматика_ Презентация
Сабақтың тақырыбы:
Құмырсқаның қанағаты
Сабақтың мақсаты:
Т/А4 Астарлы мағынаны болжау
О1 Ақпаратты түсіну
Ж4 Өз ойынан мәтін жазу
Жетістік критерийлері:
- әңгіменің жоспарын пайдалана отырып, оқиғаны ретімен баяндай алады;
- мұғалімнің көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос!
Жұмбақ
Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.
Екі ұшы жұдырақтай
Ортасы қылдырықтай.
Құмырсқа
Ой шақыру
Қанағат қарын тойғызар
Мәтінмен жұмыс
1. Тізбек әдісімен оқу.2. Рөлдерге бөліп оқу.
Мәтінмен жұмыс
Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.
1) Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.
2) Құмырсқаға сұрақтар қоюы.
3) Бір жыл өткен соң.
Әр бөлімді жекелей оқыған оқушы ретімен бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақ қою арқылы оқыған оқушы түсіндіреді.
ә) Ертегіні рөлге бөліп оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Мәтін ішінен сын есім сөздерін тауып жазыңдар:
Қанағатшыл, ақылды, иісшіл, ұйымшыл, пайдалы, еңбекқор, қайратты
Сөздік жұмыс
Оқымысты –
Ғұлама –Илеу –Қорық – Сауыт – Халім -Видео көрсету. «Кешкі ертегі»
Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының тұқымдасы. Құмырсқа жер шарында кеңінен тараған, Қиыр Солтүстік және Антрактидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Құмырсқалар көбіне топтанып (10-100 мың дарасы бірігіп) илеу жасап тіршілік етеді. Әр илеуде аталық, аналық “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Құмырсқалар 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. Олардың иіс дәм сезуі өте жақсы жетілген. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Олардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кезден білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқа денесінде 70- тен астам микроэлемент, 20 – дан астам амин қышқылы, витаминдер бар.
Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде пайдаланады.
Сұрақтармен жұмыс
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты қойдым алдына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады.
Құмырсқа жайлы қызықты ақпараттар жинақтау
Үй тапсырмасы:
Өзін-өзі бағалау.
«Сөйлемді аяқта»
Мен бүгін сабақта белсенді болдым, өйткені...
Маған сабақта қиын болды, өйткені..
Мен сабақта түсінбедім, өйткені...
Келесі сабақта ...
Топпен жұмыс
1 топ. Құмырсқаны суретте. (суреттеу)
2 топ. Тағы қандай бунақденелілер бар, солармен салыстыр. (салыстыру)
3 топ. Құмырсқаны неге қанағатшыл деп ойлайсың? (талдау)
4 топ. “Жүк көтерген құмырсқа”, “Топтасқан құмырсқа” сөзі нені елестетеді? (таңдау)
Мазмұндама жазу
Жоспар:
Данышпан мен құмырсқа
Ақылды құмырсқаның жауабы
Данышпанның құмырсқаны сынауы
Шыдамды құмырсқа
Құмырсқадан үлгі алу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?