Саяхат Сапарға шығу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы

Сапарға шығу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.

2.3.3.1 Өз бетінше мәтінге жоспар құрады, тақырып қояды.

 Сабақ мақсаттары

Сапарға шығу үшін жоспар құрып үйрену.

 Жетістік критерийлері

Өз идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін сөздерді орынды қолдана алады.

 Сөздік қор

 

Оқушылардың тыңдалған мәтін бойынша сөйлеу, жазу кезінде саяхат тақырыбында сөздік қорлары молаяды.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың саяхатқа шығып, туған жердің табиғатын тамашалауға деген құлшыныстары артады.

 Пәнаралық байланыстар

Сапар жоспарын құру және дайындық кезінде дүниетанумен байланыс жүзеге асады. Әуе шарын жасауда ғылымға кіріспе пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

АКТ-да сөзжұмбақ шешеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұшу көліктері жайында әңгімелер оқыды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, «Менің саяхатым» ойынын ойнайды. Оқушылардың қолына аяқталмаған ойды білдіретін сөйлемдер беріледі. Мысалы, Мен саяхатқа барғанда ... .

Саяхат кезінде ... .

Табиғат ... .

Ұшу көлігі ... .

Аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар

Сабақ ортасы

35 минут

(МК) Оқушыларға ұшу көлігімен ойдан шығарылған сапардың картасы мен жоспарын дайындау және қызықты детальдар қосып, сипаттау мен сөз тіркестерін жазу ұсынылады.

(Т) Оқушылар өздері ұнатқан ұшу көліктерінің қасына топталады.

Ұшу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтады.

Ұшу маршруты бейнеленген плакатқа әр түрлі оқушы қиялынан туған, яғни ойдан шығарылған жерлердің көрінісі қойылады. Әр топ өздері қалаған орындарды таңдап алып, сапар жоспарын құрады.

Мысалы: айдаһар үңгірі, перизат сарайы немесе планеталар.

(Қ) Өздері қалаған ұшу көліктерімен бара алатын сапардың жоспарын жасайды. Мысалы,

  • Перизат сарайы;
  • Картадан табу;
  • Сарай тұрғындарымен танысу;
  • Сарайды тамашалау;
  • Табиғатқа саяхатқа шығу;
  • Өнер көрсету;
  • Суретке түсу. т.б.

(Дифф.Қ.) Әр топ Карта-жоспарларды әңгіме мен сурет/макеттердің жанына іліп қойып, (сыныптастарына) сапарларының жоспарын баяндап береді. Лексикалық сөздік қоры мол оқушылар өз тобындағы қабілеті төмендеу оқушыларға ойын жеткізуге көмектесіп отырады.

Тыңдаушылар сапар жоспарына қарап отырып, сұрақ қоюлары тиіс. Мысалы: Сапар барысында не байқадың? Ол жерде болғанда өзіңді қалай сезіндің?

(Ұ) Сергіту сәті.

Жазылым дағдыларын жетілдіру мақсатында сапарлары туралы мәтін құру ұсынылады. Мысалы,

Перизат сарайы

Біз өз тобымызбен Перизаттар сарайына ұшатын кілеммен жеттік ... .

Оқушыларға плакат пен сурет салуға арналған құралдар беріледі.

Сабақтың соңы

  • минут

Рефлексия

«Маған ұнағаны» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Лексикалық сөздік қоры мол оқушылар өз тобындағы қабілеті төмендеу оқушыларға ойын жеткізуге көмектесіп отырады.

Өз идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін сөздерді орынды қолдана алады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Сапар кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу