Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айнымалы ток

Күні:

Сынып:

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Есеркенова Ж.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.2: физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Сабақ мақсаттары

Айнымалы ток ұғымының физикалық мағынасын ашу және айнымалы токты сипаттайтын физикалық шамаларды анықтау.

Жетістік критерийлері

  • Еріксіз электромагниттік тербелістер ұғымын түсінеді
  • Айнымалы ток ұғымына анықтама береді
  • Период, жиілік, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндерін анықтауды біледі
  • Период, жиілік, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндерін есептер шығаруда қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Осыған дейінгі білімдерін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

5 мин

Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгендеу.

Суретті пайдаланып электр тогына қатысты пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

  • Электр тогы дегеніміз не?
  • Тұрақты ток дегеніміз қандай ток?
  • Магнит және электр өрістері арасында қандай байланыс бар?

Оқушылар хабарламасы

Ойлану/

Ақпарат

22 мин

Мұғалім тақырыпты түсіндіреді.

Мұғалім оқушылармен тербеліс ұғымын талқылайды.

Тербелістер дегеніміз – қозғалыстың белгілі уақыт аралығында қайталанып отыруы болып табылады

Тербелістерді графика арқылы бейнелеу.

Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады. 

Мысалы, айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, себебі ол тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады. Біз күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз. Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады. Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтін болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету қажет.

Айнымалы токты пайдаланудың ең алғаш рет 1875 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмірдің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергиясы көзінен қоректенуіне жол ашты. Электр энергиясы қажеттілігінің өсуіне байланысты оны алыс қашықтыққа жеткізу мәселесі алға қойылды. Бұл мәселенің шешімі электр энергиясын таратуды, ол үшін әртүрлі кернеуді табуды талап етті. Үнемділік жағынан алғанда, электр энертиясын алыс қашықтықтарға жеткізудегі тиімдісі – жоғары кернеу, ал қабылдағыштарға беру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін төменгі кернеу қажет болды. Кернеуді бұдан былай түрлендіру үшін, айнымалы токты түрлендіретін құрылғы, яғни қарапайым трансформаторлар қажет болды, оны да өзінің шырақтары үшін Яблочков ойлап тапты.

Айнымалы токты сипаттайтын физикалық шамалар:

Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні I айнымалы ток өткізгіште қанша жылу мөлшерін бөліп шығарса, өткізгіште сонша уақытта дәл сондай жылу мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты ток күшіне тең

Айнымалы ток гармоникалық тербеліс заңдылықтарына бағынады.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=NV2V5VcXlEI

https://itest.kz/kz/ent/fizika-2627/elektromagnittik-indukciya/lecture/ajnymaly-elektr-togy

Практикум

10 мин

Оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар

1-тапсырма

Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: i=0,5sin1256t. Ток күшінің тербеліс жиілігі қандай?

Тербеліс периоды қандай?

2-тапсырма

Индукциялы ЭҚК-нің лездік мәні e=100si800πt заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периодын анықтаңыз.

3-тапсырма

Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін зарядтың өзгеру заңдылығы: q=10 -2 sin 28,2t.

а) Ток күшінің амплитудалық мәні қандай?

b) Ток күшінің әсерлік мәні қандай?

4-тапсырма

Берілген графикті пайдаланып, анықтаңыз:

а) кернеудің амплитудалық мәнін

b) кернеудің әсерлік мәнін

с) периодын және жиілігін

Әр оқушыға карточкалар түрінде таратуға болады.

https://itest.kz/kz/ent/fizika-2627/elektromagnittik-indukciya/lecture/ajnymaly-elektr-togy

Рефлексия

3 мин

Парақшаларды толтырады

Рефлексия паракшалары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша толық мағлұмат алады

Оқушылардың көпшілігі:

Тақырып бойынша тапсырмалар орындайды

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша сұрақтар

Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау:

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу