Жарықтың қысымы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кванттық физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарықтың қысымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.8.1.7 – Жарық қысымының табиғатын кванттық теория негізінде түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Жарық қысымы толқындық теория тұрғысынан

  • Жарық қысымы кванттық теория тұрғысынан

Бағалау критерийлері

  • Жарық қысымы толқындық теория тұрғысынан сипаттайды

  • Жарық қысымы кванттық теория тұрғысынан сипаттайды

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар оқушылар видео материал және теориялық материал бойынша берілген ақпаратқа сүйеніп, жарық қысымын толқындық теория және кванттық теория тұрғысынан түсіндіре алуы тиіс.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жарық қысымы, қысым күші, интенсивтілік, фототн импульсі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жарық қысымы — жарықтың шағылдыратын және жұтатын денелерге, бөлшектерге, сондай-ақ, жекеленген ........мен .......... түсіретін қысымы. 

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету, топта жұмыс істеу ережесін белгілеу арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен байланыс оқушылар атомның құрылысы жайында білгені дұрыс.

Бастапқы білім

Оқушыларда атомның құрылысы мен қысым тақырыбы бойынша түсінік төменгі сыныптан қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 минут

7-8 минут

  • Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу
  • Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз?
  • Фотоэффектінің тәжірибелік заңдарын айтып беріңдер.
  • Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін жазыңдар.
  • Фотон деген не?
  • Фотонның импульсі, тыныштық массасы, энергиясы неге тең?

Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақта өтілген материалды еске түсіреді. Мұғалім дұрыс және бұрыс жауаптар бойынша оқушыларға кері байланыс береді

2. Мақсатты болжау . Сұрақтарға жауап беру аяқталған соң оқушылармен бірлесіп оқу мақсаты болжанады

Жарық қысымының табиғатын толқындық және кванттық теория негізінде түсіндіру

Сабақтың ортасы

8-18 минут

18-28 минут

28-30 минут

 30-38 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жаңа материалды игеру үшін сынып екі топқа бөлінеді

1- топ жарық қысымын толқындық теория тұрғысынан

2- топ жарық қысымын кванттық теория тұрғысынан

түсіндіру үшін оқушылар берілген видео материалдар мен теориялық материалды қолданады. Қысқаша таныстырылым дайындайды.

4. Әр топтан бір оқушы шығып таныстырылым жасайды, ал қалған оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып бағалау жасайды

Бағалау критерийлері:

Жарық қысымының қалай пайда болатынын біледі.

Ғалымдардың тәжірибесінен мысалдар келтіреді

Жарық қысымын толқындық және кванттық теория тұрғысынан сипаттайды

Орындалған тапсырмалардың кемшіліктерін түзете отырып, мұғалім кері байланыс береді.

5. Түсіндіру. Мұғалім материалды толықтыру мақсатында П.Н. Лебедев тәжірибесін көрсетеді.

Оқушылар Жарық қысымын эксперименттік жолмен анықтау (≈10-6Н/м2) Максвеллдің теориялық есептеулеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізеді

6. Сабақты бекіту. Жарық қысымы формуласын қолданып есептер шығару

  • Күн сәулесінің жерге жететін ағынының тығыздығы 1,4·103 Вт/м2. Жарықты толық жұтатын бетке түсірілген жарық қысымын есепте.
  • Толқын ұзындығы 540 нм жасыл жарықты толық шағылдыратын беттің әр см2 — іне әр секунда 2,7·1017 фотон түседі. Бұл сәуле шығару қандай қысым түсіреді?
  • Қуаты 2Вт жарық ағыны ауданы 1м2 қара бетке қалыпты түседі. Жарық қысымын тап.
  • Энергиясы 15 Дж сәуле ауданы 2 см2 бетті 1 мин бойы жарықтандырады. Егер бет сәулені толық жұтатын болса, осы бетке түсетін қысымды есепте.

 Бағалау критерийлері:

Жарық қысымының формуласын біледі.

Жарық қысымының формуласын есептер шығаруды қолданады

Дұрыс жауаптарын мұғалім айтады ,ал оқушылар өз жұмыстарын тексереді

Орындалған тапсырмалардың кемшіліктерін түзете отырып, мұғалім кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

38-40 минут

6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

7. Үйге тапсырма:

"Жарық өысымы" тақырыбын оқу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр жұптың жанына барып олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау.

Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау

Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу