Релятивтік динамикадағы энергия, импульс және масса. Материалды денелер үшін масса мен энергияның байланыс заңы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2.ВСалыстырмалы теория

Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Релятивтік динамикадағы энергия, импульс және масса. Материалды денелер үшін масса мен энергияның байланыс заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.7.1.3 Зарядталған бөлшектердің үдеткіштердің релятивтік эффекттерді ескере отырып жұмыс істеу принципін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Масса мен энергияның байланыс заңын пайдаланып есептер шығару;

Бағалау критерийлері

Білу:

Масса мен энергияның байланыс заңын біледі.

Қолдану:

Масса мен энергияның байланыс формуласын қолдана алады.

Талдау:

Дененің жылдамдығын арттырғанда, оның массасы формуласына сәйкес артатындығын талдай алады

Математикалық сауаттылық:

Есептеулерді қателіксіз дұрыс орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Энергия, масса, жылдамдық, релятивтік динамика, тыныштық энергиясы,

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық, мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

 

9 сынып Атомдық физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ мақсатын анықтау.

3- 5

  • (W) Ой қозғау

1. Галилейдің салыстырмалы принципі не дейді?

2. Эйнштейннің бірінші постулаты қалай оқылады?

3. Эйнштейннің екінші постулаты қалай оқылады және қандай принципті қорытындылайды?

4. Неліктен Галилей түрлендірулері мен электродинамика заңдарына келіспеушілік проблемасы пайда болды?

5. Эйнштейн бұл қиыншылықтан шығудың қандай жолын тапты?

6-25

(W) Жаңа материал түсіндіремін.

Тапсырма: құрылғы туралы мәлімет және оның жұмыс істеу принципі, сонымен қатар қолданылуын түсіндіріңіз

1 топ Ван де Грааф генераторы

2 топ – циклотрон

3 топ – бетатрон

4 топ – синхротрон

Презентация

26-38

(W) Жұптық жұмыс. Оқулықтағы масса мен энергияның байланысына берілген есептерді шығару. Есептерді шығару жолдарын талдау

Презентация

8 – 15, 19 – 29 слайдтар

39-55

(W) Жеке жұмыс

Есеп шығару

1. Белгілі бір жылдамдықпен қозғалған дененің массасы 20% -ға артқанда, оның ұзындығы неше есе қысқарады?

Жауабы: ұзындық 1,2 есе қысқарады

  • Жоғары энергиялар физикасы институтындағы Серпухово үдеткішінде протондар 76 Гэв-қа дейінгі энергияға ие болса, массасы неше есе артады?

Жауабы: m/m0 = 82

  • Электронның тыныштық күйден потенциалдар айырымы 106 В электр өрісіне өткендегі жылдамдығын табыңдар

Жауабы: v=

Есептерді презентациядан шығарылу жолын корсете отырып тексеру. Қатесіз шығарған оқушыларды бағалау

Оқулық 188 бет

56-78

(G) Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында, тест сұрақтарын беремін. Тест он сұрақтан тұрады. Тест сұрақтары Қосымша 1 тіркелген

Оқушылар дайын жауаптар арқылы бірін бірі тексереді.

Өзара бағалау

Оқулық

Қосымша 1

79-80

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар сабақ бойы жасаған жұмыстары бойынша рефлексия жүргізеді.

Сабақ басында толтырған кестелерінің соңғы бағаның толтырады және өздерінің деңгейлерін стикер арқылы тілшеде көрсетіп, арттыру үшін не істеу керектігін жазады.

Үй тапсырмасы

§ 5.8

Есеп № 5.8.1- 5.8.7

Физика оқулығы 11 сынып

Есептер жинағы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

  • Егер v/c= 0.8 болса, үлкен жылдамдықта қозғалып бара жатқан дененің массасы тыныштықта тұрған дененің массасынан айырмашылығы қандай?
  • Бөлшектің релятивтік массасы тыныштық массасынан 2 есе көп болғанда, оның жылдамдығы?
  • 0,5 жылдамдықпен қозғалғанда, бөлшектің массасы неше есе көбейеді?
  • Белгісіз бір планета табылды. Егер оның Жермен слаыстырғандағы жылдамдығы 0,99*с болса, ондағы 10 жылдың уақыты біздің Жерімізде қаншаға тең болады?
  • Егер орнықсыз бөлшек 0,99с жылдамдықпен қозғалатын болса, оның Жерге қатысты тыныштықта тұрған инерциалды санақ жүйесінде өмір сүруінің ұзақтығы қанша есе артады?
  • Релятивисттік қозғалыс кезінде дененің өлшемдері 2 есе кемиді. Массасының өзгерісін анықтаңыз.
  • Массасы m0 , бөлшектің бастапқы жылдамдығы 0-ден 0,9с –ға дейін артатын болса, оның релятивитік массасы қанша есе артады?
  • Бөлшектің релятивистік импульсі оның классикалық механика шегінде анықталған импульсінен 3 есе артық болатын болса, оның жылдамдығының қандай болғаны?
  • Күн массасы 1,99*1030 кг.1 жыл ішінде Күн 12,6*1033 Дж энергия шығарады. Күн массасы 2 есе азаюы үшін қанша уақыт өтуі керек?
  • Қозғалыстағы электронның массасы тыныштықтағы массасынан 3 есе артық болу үшін, электрон қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?

Жауаптары; 1) 1,67 есе артады

2) v=2,6*108 м/c

3) 1,15 есе артады

4) 71 жыл

5) 7,1 есе артады

6) 2 есе артады

7) 2,3 есе артады

8) 0,94с

9) 7,1* 10 12 жыл

10) 2 3 c



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу